Қарағандыда өндірістік жарақаттануды азайту жайы талқыланды

Қарағандыда өндірістік жарақаттануды азайту жайы талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Қарағанды облысындағы бірқатар өндірістік жарақаттану қаупі жоғары өнеркәсіп нысандарында болып, оны төмендету бойынша аймақ жұмыс берушілерімен кеңес өткізді.

Шараға ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов, Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, Қарағанды ​​облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина Любарская, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы Байкен Жұмабаев, Қарағанды ​​облысы өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары, әлеуметтік серіктестер және тағы басқа тараптар қатысты.

Кездесуге қатысушылар өндірістегі жарақат алу оқиғаларын, олардың себептері мен жағдайларын талқылады. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов Қазақстандағы өндірістік жарақаттану бойынша ағымдағы ахуалдан хабардар етті.

«Жазатайым оқиғалар мен кәсіби сырқаттар тек қана адам тағдырына зардап келтіріп қоймай, экономикаға да айтарлықтай зиян әкеледі. Халықаралық еңбек ұйымының мағлұматынша, осы келеңсіздіктер себебінен жыл сайын әлемдік экономика жалпы ішкі өнімнің 4%-дан астамынан айырылады. Өкінішке қарай, мұндай шығындар Қазақстанда да бар. Республика ұйымдарында жылына 1,3 мыңнан астам бақытсыз жағдай болып, олардың салдарынан 200-ден астам адам көз жұмады», - деді ол.

Бас еңбек инспекторының айтуынша, еліміздің 2,5 мыңнан астам ірі кәсіпорны халықаралық және ұлттық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізген, оның 149-ы Қарағанды ​​облысына тиесілі.

Сонымен қатар, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының нақты ахуалын бағалау және ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ол бойынша еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу үшін 548 өндірістік нысан аттестациядан өтті.

«2015 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде еңбекті қорғау саласындағы қабылданған кешенді шаралардың арқасында кәсіпорындардағы жарақат 17%-ға төмендеді. Алайда, осы жылдың 8 айында ел кәсіпорындарында 912 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% -ға көп», - деді Төлеген Оспанқұлов.

Зардап шеккендер санының өсуі, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, Қарағанды (122 адамнан 159 адамға дейін), Қостанай (64 адамнан 86 адамға дейін), Түркістан (27 адамнан 64 адамға дейін),Солтүстік Қазақстан (20 адамнан 29 адамға дейін) облыстарында байқалады.

8 ай ішінде жүргізілген тексерулер нәтижесінде, республиканың кәсіпорындарында анықталған барлық бұзушылықтардың 30%-ы, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы заңбұзушылықтар болып табылатындығы байқалды. Төлеген Оспанқұловтың сөзінше, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпеу, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытылмауы және еңбек қауіпсіздігіне жауапты қызметтің немесе адамның болмауы сияқты жиі кездесетін заңбұзушылықтар жұмыс берушілердің де, зардап шеккен жұмысшылардың өздері де қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға салғырт қарайтынын көрсетеді.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев, жиынды қорытындылай келе, жағдайды жақсарту үшін облыстың кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін белсенді енгізу, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушіден мердігерге дейін тіке бақылауды күшейту қажеттігі атап өтті.Сонымен бірге, ол, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру және «Халықтық бақылау» жобасын іске асыру керектігін нұсқады.

Ербол Нұрғалиев, жұмыс берушілерге Қарағанды ​​облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттар мен зиянды еңбек жағдайы бар жұмыс орындарын қысқарту бойынша Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты күшейтуді, өндірісте жазатайым оқиғалар болған әрбір кәсіпорында еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік жарақаттану деректерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуді және де барлық өндірістік кәсіпорындарда кәсіби тәуекелді бағалау және оны төмендету шараларын қабылдауды тапсырды.

«Жұмыс берушілер мен жұмысшылар жол беретін заңбұзушылықтарды азайтуға бағытталған маңызды қадам - ​​қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелеріне, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету бойынша іс-қимылды күшейту болып табылады», - деп атап өтті спикер.

Ербол Нұрғалиев, бұдан тыс, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының «VizionZero» бағдарламасына (нөлдік жарақаттану) кәсіпорындарды қосу бойынша ақпараттық науқанды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қатысушылары өндірістік жарақаттану мәселелерін Қарағанды ​​облысының «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Казцентрэлектропровод» ЖШС және «Maker» ( Maker) КЛМЗ» ЖШС сияқты өнеркәсіп нысандарын аралап, басшылық және жұмысшылар тарапымен жазатайым оқиғаларды сөз еткен соң талқыға салды.

Жұмыс орындарындағы оқыс оқиғалар егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті ахуал сарапқа салынатын  сәйкес мәжілістер, өндірістік жарақат жоғары болып тұрған тағы үш аймақта - Қостанай және Түркістан облыстарында өткізілетіні жоспарлануда.