Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Ведомство басшыларының бірлескен бұйрығының тиісті жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қазіргі уақыттағы талаптарға сәйкес, қызмет алдын ала тіркелусіз, кезек бойынша көрсетіледі. Бұл процесті өзгерту – әкімшілік кедергілерді азайтуға, қолжетімділікті жеңілдетуге және процестің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Электрондық кезекті енгізу қызмет алушыларға белгіленген уақытта келіп, өз бағытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе теміржол және автобус қатынасы шектеулі, облыс орталығына дейінгі қашықтық 400 шақырымнан асатын шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін өзекті.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың жаңа кезек форматын пилоттық тестілеу жыл соңына дейін жүргізіледі. Тиімділік деңгейі расталған жағдайда электронды кезек форматы барлық өңірлерге енгізіледі.
Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 31 шілдеге дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.