2025 жылғы 17-18 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына барады, жұмыс сапары барысында кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады, халықпен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Жұмыс сапары барысында облыс тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың сұрақтары қаралатын болады.
Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74-37-23, 74-36-79.