ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, оның барысында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапа өлшемдері (бұдан әрі – АӘҚ) және басқа да мәселелер талқыланды.
Сонымен, Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Абулхатин инспекторлар жұмысында Еңбек тәуекелі картасының қалай қолданылып жатқаны туралы айтып, сонымен қатар кәсіпорындардағы мемлекеттік бақылаудың нәтижелері мен азаматтардың өтініштерін қарау туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, «ЕРДО» АҚ жасанды интеллектті дамыту және үлкен деректерді талдау департаменті директорының орынбасары Давид Ан қоғамдық кеңес мүшелеріне «Отбасының цифрлық картасы», Enbek HR порталының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, Жасанды интеллект технологияларының элементтерін қолдану және т.б сияқты әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық шешімдерді толық көлемде енгізуді жалғастыру туралы айтты.
Келесі сөз кезегін ЕХӘҚМ Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Ғазиза Иманғали алды. Ол 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда АӘҚ стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасының критерийлері туралы баяндады.