С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 2 қазақстандықтардың мәселелерін қарады.

Министрге жұмысқа орналастыру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және мүгедек адамдарға жеңілдіктер беру мәселелері жөнінде жүгінген.

Сондай-ақ, Еңбек министрлігінің басшысы жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуына және регресшілерге төлемдерді жүзеге асыруға байланысты өтінішті қарады.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.