Меню
Страницы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық іс-шаралар
06 декабря 2023
С. Жақыпова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Л. Баззи-Вейлмен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Летисия Баззи-Вейлмен кездесу өткізді. Кездесу кезінде тараптар бірлескен жұмыстың қорытындылары және ведомство мен халықаралық ұйымның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Светлана Жақыпова ЮНИСЕФ-ке әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, халықтың белгілі бір санаттары үшін түрлі қолдау шараларын дамытуға және т. б. бағытталған түрлі жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Министр сондай-ақ ведомствоның бірқатар жаңа бастамалары туралы, оның ішінде БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп іске асырылатын салықтық-бюджеттік және әлеуметтік саясаттың өмір сүру сапасына әсерін бағалаудың микро-модельдеу құралын әзірлеу жөніндегі жоба туралы хабарлады.
Өз кезегінде Летисия Баззи-Вейл Қазақстандағы медианалық табыстың көлемін анықтауда ұсыныстар әзірлеу бойынша техникалық қолдау көрсету шеңберінде жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстың тиімділігін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ-тің 2021 – 2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. 

06 декабря 2023
142 мыңнан аса қазақстандық SKILLS ENBEK платформасында оқыды

2023 жылдың басынан бастап 142,7 мың азамат, оның ішінде 41,2 мың жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 350 мың қазақстандық тіркелді, оның 162,1 мыңы 2023 жылы тіркелген.

Оқудан өткен 41,2 мың жұмыссыз азаматтың 14,2 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 269 курс жариялады, оның 209-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Выращивание лимона в теплицах», «Кассир», «Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения незрячих лиц».

Платформада әр түрлі мамандықтар бойынша оның ішінде ақпараттық технологиялар, тұрақтау және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші SKILLS.ENBEK.KZ-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

2022 жылғы наурыздан бастап платформада қолданыстағы функционал оңтайландырылып, жаңа сервистер іске қосылғанын естеріңізге сала кетейік.

Атап айтқанда, курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы жасалды, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу мүмкіндігі пайда болды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қолжетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әртүрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы 6-дан 144 сағатқа дейін. Платформаның ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігі бар.

SKILLS.ENBEK.KZ-те тіркелу және платформада жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақ бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).

06 декабря 2023
2023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 313 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 795 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 313 мыңнан астам адам пайдаланды.

Сонымен қатар, 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.

Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.

05 декабря 2023
С. Жақыпова Мәжіліс депутаттарына өндірістік жарақаттануды азайту шаралары туралы баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы «Локомотив құрастыру зауыты» ЖШС алаңында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысына қатысты. Кеңес барысында Еңбекминінің басшысы депутаттарға Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын таныстырды.

Министр сөз басында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі сын-қатерлер: жарақаттанудың жоғары деңгейі, жұмыс берушілер тарапынан оларды жасыру фактілерінің болуы, ескірген өндіріс, сондай-ақ кәсіпорындардағы жабдық, жұмыскерлер біліктілігінің төмендігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды оқытудың сапалы бағдарламаларының болмауы және жұмыскерлерді ресми оқыту үрдісі болып табылатынын атап өтті.

«Соңғы 6 жылда өндірістік жарақаттану деңгейінің 12,6 %-ға төмендеуіне қарамастан, жыл сайын республика кәсіпорындарында 1,5 мыңнан астам жазатайым оқиға тіркеледі, оның 200-ге жуығы адам өлімімен аяқталған оқиғалар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда кәсіптік аурулар бойынша 600-ден астам жағдайы тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 87 %-ға көп. Бүгінгі күнде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдардың жалпы саны 16,3 мың адамды құрайды, оның 67 %-ының айырылу дәрежесі 30%-дан жоғары», – деді Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы 681 мың жұмыскер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 276 млрд теңгеден астам сомаға түрлі өтемақы алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,2%-ға көп.

Биыл өндірістегі жарақат салдарынан мүгедектік алған 15 мың қазақстандыққа 26,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 10 мыңға жуық азаматқа республикалық бюджеттен және сақтандыру компанияларынан, ал 5 мың азаматқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер берілді.

«Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 834 тексеру жүргізді, оның барысында еңбек заңнамасының талаптарын 8 936 бұзушылық, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 23% бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге 3 741 ұйғарым берілді және жалпы сомасы 339,5 млн теңгеге 2 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды. Құқық қорғау органдарына 797 материал жіберілді, олар бойынша 114 қылмыстық іс қозғалды және 4 жауапты лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деп толықтырды Еңбекминінің басшысы.

Кәсіпорындарда ішкі бақылауды 18 мың өндірістік кеңес жүзеге асырады.  3,2 мың кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізді. 481 кәсіпорын Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасына қосылды. «Онлайн еңбек консультанты» функционалы іске қосылды, онда 28 мың адам өзін-өзі тексеруден өтті. 7 мың өндірістік нысанды аттестаттау өткізілді.

Министр сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мәселен, депутаттармен бірлесіп Еңбек кодексіне: зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысында оның мүдделерін білдіру үшін адвокат тарту құқығын қамтамасыз ету; жазатайым оқиғаны тергеу кезінде тараптардың аралас жауапкершілігін қолдануды қайта қарау және т. б. бөлігінде түзетулер дайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады: еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға тікелей жауапты лауазымды адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайту және т. б.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру шеңберінде олар еңбек міндеттерін атқарған кезде өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың алдын алу және оңалту шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйақысының 12 %-на дейін өтеуге, сондай-ақ зардап шеккен қызметкердің санаторий-курорттық емделуіне 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақы төлеуге бағытталған түзетулер көзделеді.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова депутаттарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Министрдің айтуынша, оның шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту көзделіп отыр.

Атап айтқанда, өндірістік объектілерді аттестаттаудан жұмыс орындарының кәсіптік тәуекелдерін бағалауға көшу жоспарлануда. Ол 5 критерийді: еңбек жағдайларының зияндылығын, жарақат алу қаупінің көрсеткішін, жабдықтардың қауіпсіздігін, жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуін және сырқаттанушылық деңгейін ескере отырып жүргізілетін болады. Нәтижесінде еңбек жағдайлары кәсіпорындардың ғана емес, нақты жұмыс орындарының да кәсіби тәуекел дәрежесіне қарай жіктеледі.

Жеке қорғаныш құралдарын таңдау кәсіптік тәуекел дәрежесіне және нақты қызметкерді қорғаудың қажетті деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Сондай-ақ нақты жұмыс орнының кәсіптік тәуекел дәрежесіне байланысты қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемдерін саралау тетігін жетілдіру көзделеді. Мысалы, кәсіптік тәуекелдің екінші дәрежесі бар жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін еңбекақы мөлшерінің жоғарылауы көзделетін болады. Тәуекелдің үшінші дәрежесінде кепілдіктердің 2 түрі бар: қосымша еңбек демалысы және сүт (жекелеген зиянды факторлардың әсерінен жұмыс істейтіндер үшін). Төртінші дәрежеде бұл кепілдіктер емдік-профилактикалық тамақтанумен толықтырылады және т. б.», – деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Бұдан басқа, сақтандыру тарифтерін кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралауды енгізу жоспарлануда. Экономикалық қызмет түрін, кәсіпорындағы және нақты жұмыс орнындағы тәуекел дәрежесін ескере отырып, сақтандыру тарифін қалыптастыру ұсынылады.

Кәсіптік тәуекелдерді басқарудың маңызды элементі кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізу және республикада еңбекті қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болады. Бұл платформа нақты уақыт режимінде республиканың барлық кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша жағдайды бақылауға және теріс өзгерістерге уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. 

Сөз соңында Светлана Жақыпова Тұжырымдама жобасында көзделген бағыттар еңбекті қорғауды басқару жүйесінің шығындық моделінен тәуекелге бағдарланған моделіне көшуге бағытталғанын, және экономикасы неғұрлым дамыған елдерде өзін табысты көрсеткенін атап өтті. Бұл шараларды іске асыру жұмыс күшінің сапасын арттыруды және еңбек ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етуге тиіс.

Отырыс барысында министр депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық іс-шаралар
05 декабря 2023
Н. Сағындықова Орталық Азия елдеріндегі әріптестеріне Қазақстандағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің дамуы туралы таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова 5-6 желтоқсанда Астанада өтетін Әлеуметтік жұмыс мектептері ұлттық қауымдастықтарының IV Орталық Азия Форумына қатысты. Ол көрші елдерден келген әріптестер мен халықаралық сарапшыларға Қазақстандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесінің дамуы туралы баяндады. 

Биылғы форумның басты тақырыбы «Орталық Азияның әлеуметтік  жұмыс  саласындағы ұлттық  және өңірлік саясатын әзірлеу: кәсіптік стандарттар, кәсіби әлеуметтік жұмыс  бойынша білім беру бағдарламалары. Дамудың қай сатысындамыз және қай бағытта дамуымыз қажет» болды.

Каритас Қауымдастығымен (Германия) бірлескен жобаны іске асыру аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық қауымдастықтарының, мемлекеттік органдардың, БҰҰ Халықаралық агенттіктерінің, адам құқықтары және балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің, басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері қатысты.

Форумның негізгі мәселелері: кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын ескере отырып, Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс саласындағы ұлттық және өңірлік саясаттардың ағымдағы жай-күйін талдау; Әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін жаңартылған кәсіптік стандарттарды ұсыну; Орталық Азия елдеріндегі қауымдастықтар деңгейінде оңалту технологиясын дамыту перспективаларын талқылау; жоғары стандарттарға жауап беретін білім беру бағдарламаларын кәсіби әлеуметтік жұмыс саласындағы талаптарға; әлеуметтік жұмыс саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру процесіне кәсіби қауымдастықтарды, білім беру мекемелерін, мемлекеттік органдарды және жалпы қоғамды қоса алғанда, мүдделі тараптардың хабардарлығын және тартылуын арттыру; әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастықтарының Орталық Азия альянсын құру.

Сөз барысында Назгүл Сағындықова Қазақстандағы жаңа әлеуметтік саясат туралы баяндады. Вице-министр елімізде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылып жатқанын атап өтті. БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы және оған Факультативтік хаттама ратификацияланды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық шараларды реттейтін және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жаңа тәсілдерді көздейтін Әлеуметтік кодекс қолданысқа енді.

«Мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға баса назар аудара отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын өзектендіру жоспарлануда. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жан басына шаққандағы норматив енгізіледі, ол мұқтаждарды, әсіресе ауыл тұрғындарын қамтуды кеңейтуге және бәсекелестік жағдайында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Назгүл Сағындықова.

Бүгінгі күнде республикада 900-ден астам ұйым арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Биыл пилоттық режимде еліміздің 6 өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды. Сонымен қатар, заманауи оңалту орталықтары салынуда, аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларға арналған орталықтар ашылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта еліміздің 4 өңірінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту бойынша пилотты енгізу жоспарлануда.

«Республикалық деңгейде арнаулы қызметтер көрсету орталықтарының бюджетін шоғырландыру жүзеге асырылатын болады. Бұл шара бізге ресурстарды тиімдірек бөлуге және қызмет көрсетудің жалпы стандарттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін орталықтардың барлық бизнес-процестерін цифрландыру енгізіледі», – деді вице-министр.

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өз бетінше таңдауға және жеткізушілерден тікелей тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді.

Отбасының цифрлық картасы енгізілді, ол азаматтардың әртүрлі инстанцияларға жүгінуін болдырмай, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары енгізілді.

«Әлеуметтік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін кадр ресурстары қажет. Бұл бағытта әлеуметтік қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттарды қайта қарау, оларды санаттау тәсілдерін, сертификаттау тәртібін және тиісті оқу модульдерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі әзірленеді, онда әрбір әлеуметтік қызметкердің біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы және оның жұмысының нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралатын болады», – деп атап өтті Назгүл Сағындықова.

Форум барысында Әлеуметтік кодекстің арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін трансформациялауды көздейтін новеллаларын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығы арасында өзекті меморандумға қол қою жоспарлануда.

05 декабря 2023
Мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметімен 41 мыңнан астам сапарға шықты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталғалы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 41,5 мың рет көрсетілді.

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларынан пилоттық жобаға 629 адам қатысуда.

Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің механизміне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда.

Әдетте агрегатор жасалған сапарлардың төлем ақысынан платформаларының пайдасына белгілі мөлшерде пайыз аударатын болса, мұндағы басты шарт сол пайыздың болмауы. Осы жұмысты қолдаған Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді қажетті нұсқауларды алады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.

Қызмет көрсетудің оң нәтижесі болған жағдайда жаңа форматта мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асады.

05 декабря 2023
Мүгедектікті белгілеу бойынша 66 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 66,8 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 29,5%-ын құрайды.

2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7%-ын құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

04 декабря 2023
Е. Оспанов Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерімен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Марат Қойылыбаев, Астана қаласы бойынша өкілі Миранбек Төлекпаев және Қазақстан Республикасы бойынша Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының заңгері Сәкен Нұрышевпен кездесті.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнамада көзделген Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін әлеуметтік қорғау шаралары және оларды одан әрі жетілдіру талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы қабылданған «Ардагерлер туралы» заңда ардагерлерге берілетін барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылған.

04 декабря 2023
ҚҚС өтемақысын енгізу туралы ақпарат жалған

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

04 декабря 2023
Қазақстанда кәсіптік біліктілікті тану үшін Кәсіптер тізілімі қалыптастырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдар жанынан құрылған кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің ұсыныстары негізінде 496 кәсіпті қамтитын кәсіптік біліктілікті міндетті және ерікті негізде тану үшін бірінші Кәсіптер тізілімін қалыптастырды. Құжатпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады, онда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу бойынша жаңа функционал іске қосылды.

Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері бойынша біліктілік деңгейлерін бөлуді ескере отырып, Қызметтердің ұлттық жіктеуіші Тізілімді қалыптастыру үшін негіз болды.

Тізілімге біліктілікті міндетті түрде жүзеге асырылатын 136 кәсіп және біліктілікті ерікті негізде тану үшін 360 кәсіп енгізілген.

Осылайша, енгізілген жүйе, біріншіден, өз құзыреттерін нақты бағалауға, екіншіден, формалды немесе балама білім арқылы алынған білімдерін, дағдыларын растауды құжаттауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, ерікті негізде кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асырғысы келетін ұйымдарға Career Enbek цифрлық платформасында аккредиттеуден өту мүмкіндігі қолжетімді болды.

«Кәсіптік біліктілік туралы» Заңда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаттау орталығы болуды жоспарлап отырған ұйымдарды аккредиттеу тәртібі айқындалған.

Аккредиттеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

– өтінімді қабылдау және қарау;

– ұсынылған құжаттардың сараптамасы;

– өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;

– аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

– аккредиттеу аттестатын беру;

– аккредиттеуден кейінгі шарт жасасу.

Тану орталықтарын аккредиттеу теориялық және практикалық емтихандарды өткізу үшін тиісті материалдық базаның, қажетті құралдардың, жабдықталған кабинеттердің және т. б. болуымен аталған орталықтардың жұмысын бірыңғай әдіснамалық негізде қамтамасыз етуге бағытталған.

Тану орталықтарының жұмысын бастау мансаптық мүмкіндіктердің дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады, ал тану орталықтарын аккредиттеу жұмыс берушілер тарапынан сертификатталған қызметкерлерге деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға, олардың кәсіби деңгейіне сәйкес келетін жалақы алуға, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие болу үшін өз дағдыларының деңгейін үнемі арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіптер тізілімі және кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу тәртібі туралы толық ақпаратпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады.

 

Социальные сети
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы