Меню
Страницы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
21 февраля 2024
Әлеуметтік-еңбек саласының қызметтерін цифрландыру 717 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді

2023 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін цифрландыру бойынша жүргізген жұмыс республикалық бюджеттен 717 млн теңгеден астам әкімшілік шығыстарды үнемдеуге мүмкіндік берді.

Соңғы деректер бойынша әлеуметтік-еңбек саласында 27,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 24,4 млн-ы электрондық түрде, оның 1,4 млн-ы проактивті көрсетілді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласындағы 50 мемлекеттік қызметтің 48-і электрондық түрде, оның ішінде 30-ы проактивті форматта қол жетімді.

Министрлік процестерді жеңілдету және жаңа тәсілдерді енгізу арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отырады.

Мәселен, 2023 жылы 4 мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылды: «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»; «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру»; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру».

Сондай-ақ, артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдар мен уақтылы немесе толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару, сондай-ақ қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару бойынша 2 қызмет автоматтандырылды. Бұл қызметтер енді «электрондық үкімет» порталында қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бағыттарының бірі шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастау және қызмет көрсету уақытын қысқарту болып табылады.

Осы жұмыс шеңберінде 2023 жылы 4 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»; «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»; «Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау»; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға бөлігінде).

Егер бұрын осы жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде оған 7 адам қатысса, ал қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін алса, бүгінгі күнде бұл жұмысты ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде адамның қатысуынсыз автоматты режимде орындайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің өтініштерді қарау қажеттілігін болдырмау жолымен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 7 түрін беру тәртібі оңайлатылды. Бұл қызмет көрсету мерзімін 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Еңбекмині халыққа мемлекеттік қызметтер алу арналарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қызмет көрсетудің осындай арналарының бірі екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) мобильді қосымшалары болып табылады. Өткен жылы Министрліктің ЕДБ арқылы көрсетілетін қызметтерінің саны 3 қызметке кеңейді: «көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау»; «жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар туралы ақпарат беру».

Бұл ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін 2022 жылға қарағанда 2,3 %-дан 50,4 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Енді азаматтар жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді жылдам ала алады, ол үшін ЕДБ мобильді қосымшалары болса жеткілікті.

20 февраля 2024
79 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 79,1 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 25 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 5,7 млрд теңгені құрады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте төлем тағайындаудың ағымдағы тәртібі сақталды және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ғана қолданылады.

Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерінің өсуі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етті, ол автоматты түрде жүргізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.

Бұл жұмыссыздарды тіркеу және азаматтардың жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады.

20 февраля 2024
Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5%), өңдеу өнеркәсібі – 1 370 адам (10,6%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 адам (6,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адам (4,6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 045 адам (31,4%), Үндістан – 1 152 адам (8,9%), Түркия – 1 110 адам (8,6%), Өзбекстан – 673 адам (5,2%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

19 февраля 2024
Инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеуге үлесіңізді қосыңыз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеуде. Бұл құжат мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына бағытталған.

Әрқайсымыз инклюзивті қоғам құруға ықпал ететін осы маңызды бастаманы дамытуға өз үлесімізді қоса аламыз.

Ұсыныстар мен пікірлер төмендегі сілтеме бойынша қабылданады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScsF_qy61x1pPcitce6i7PuxAgV3VoqDkr2nvoMUeACPvMomQ/viewform?usp=sf_link

Барлық сұрақтар мен қосымша ақпаратты concept2030kz@gmail.com электрондық поштасына жаза аласыз.

Ұсыныстар 2024 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.

19 февраля 2024
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ұжымға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры болып тағайындалған Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлын таныстырды.

Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы Жетісу облысында дүниеге келген.  Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары «Қазконтент» АҚ бөлім басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі болған.

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

19 февраля 2024
Жыл басынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 62,5 мыңнан астам адам қамтылды

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 62,5 мың адам қатысты. 52,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 19,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 33,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 1,8 мың адам, жастар практикасымен 1,2 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 27 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 788 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 8 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 6,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 5,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 3,2 мың адам қамтылды, оның ішінде 1,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 13,8 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға  жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.

16 февраля 2024
2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау Алматыда жалғасты

2024 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласында 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Назгүл Сағындықова, мүгедектігі бар қазақстандық азаматтардың мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың 69 өкілі, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл облыстарының азаматтық белсенділері қатысты.

Вице-министр Назгүл Сағындықова Мемлекет басшысының инклюзивті қоғам құру, мүгедектігі бар қазақстандық азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларын іске асыру шеңберінде Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы жұртшылықты хабардар етті.

Осылайша, «Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Президент Жарлығын іске асыру үшін сараптамалық-талдамалық жұмыс, 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы бойынша жұртшылықтың ұсыныстарын жинау басталды.

«Тұжырымдаманың мақсаты мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және мүмкіндіктерін кеңейту және олардың әлеуметтік интеграциясы болып табылады. Біз үшін үкіметтік емес сектор өкілдерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, біздің отандастарымыздың нақты қажеттіліктері мен қалауын көрсететін жаңа инклюзивті саясатты қалыптастыру маңызды. Біз еліміздің барлық өңірлерінен Қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес сектор көшбасшыларын талқылау үдерісімен барынша қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Назгүл Сағындықова.

Сондай-ақ, іс-шара аясында вице-министр мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау желісі бойынша жиналған сұрақтарға жауап берді.

16 февраля 2024
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган ҰБЖ дамыту бойынша оқыту семинарларының жаңа сериясын бастады

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту аясында оқыту семинарларының жаңа циклін бастады.

Алғашқы семинарға мемлекеттік органдардың, кәсіптік біліктілікті тану орталықтарының 42 өкілі және ҰБЖ саласындағы сарапшылар қатысты. Семинарлар сериясы қазақстандық кадрларды тану мәселелеріне көмектесуге арналған.

Спикер ретінде «Avocation» ЖШС басшысы Инна Митрофанова сөз сөйледі, ол сертификаттау орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, біліктілік бағдарламасын ұсынды.

Сонымен қатар семинарда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарының міндеттері, біліктілікті тану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ орталықтарды аккредиттеу процесі талқыланды.

16 февраля 2024
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган өкілдері түркиялық әріптестерімен ҰБЖ дамыту саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның басшысы Ерасыл Жұманбаев Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТIKA) басшысы Хикмет Өзденоғлумен Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту бойынша бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар кәсіптік біліктілікті тану, кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Ерасыл Жұманбаев Қазақстандағы ҰБЖ-ның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ түркиялық тәуелсіз сертификаттау орталықтарының қатысуымен «Туризм», «Қонақ үй бизнесі» және «Құрылыс» салаларында кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын құру мүмкіндіктерін зерттеуді ұсынды.

Өз кезегінде Хикмет Өзденоғлу кәсіптік біліктілікті тану саласында жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, ынтымақтастық перспективаларына оң көзқарасын білдірді.

Кездесуде TIKA қолдауымен Қазақстанда тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мен түрік әріптестері арасындағы ынтымақтастықты дамыту осы бағыттағы маңызды қадам болып саналады.

16 февраля 2024
2024 жылдың басынан бері 1,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9%) Қытайдан, 29,6% – Өзбекстаннан, 8,3%  – Моңғолиядан, 4,4% – Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан  және 1,5% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6%-ды және зейнеткерлер 10,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 20,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 10,2%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 35 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылуда. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 6 203 өтініш  қабылданды.

Социальные сети
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы