Меню
Страницы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
11 апреля 2025
С. Жақыпова Қарағанды облысының активімен және тұрғындарымен кездесулер өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен және халықпен кездесулер өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы хабарлап, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдерді көрсетті.

Жергілікті  халықпен кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудандық бөлімдердің басшылары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар және өңірдің өзге де белсенді тұрғындары қатысты. Кездесуге 60-тан астам адам қатысты.

Кездесуде Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі жұмысының негізгі бағыттары және түрлі санаттағы азаматтарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда. 2025 жылы оның ең төменгі мөлшері 70% - ға дейін, ал ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110% - на дейін көтерілді. Сондай-ақ, 2023 жылы ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс мөлшері ең төменгі есептік көрсеткіштің 46-дан 55-ке дейін көтерілді.

Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2024 жылы бюджеттен 3 трлн 752 млрд теңге бағытталды, Қарағанды облысында зейнетақы төлемдерінің көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың басынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайын индекстеу жүргізілді. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны ескере отырып, 187,7 мың теңгені құрады.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында бюджеттен бөлінетін бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны 2,6 млрд теңгеге 15,9 мың адам алды, жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы 1,5 млрд теңгеге 4,7 мың адамға төленді, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақыны 4,2 млрд теңгеге 4,9 мың адам алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді 13,3 млрд теңге сомасына 10 мыңнан астам, бала күтіміне байланысты төлемдерді 16,6 млрд теңге сомасына 30 мыңға жуық адам алды.

Өңірде 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 16,5 мың көпбалалы отбасы бар. 2024 жылы оларға 13 млрд 158 млн теңге төленді.  «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе «Батыр Ана» атағы бар көпбалалы аналар үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көзделген. Қарағанды облысында бұл төлемді 7,6 мың ана алады, оның көлемі 2 млрд 315 млн теңгені құрады», – деді министр.

2024 жылы өңірде атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушылар саны 6,6 мың адам немесе 1,4 мың отбасы болды. 2023 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 31% - ға азайды.

АӘК алатын балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту үшін 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға қосымша төлем көзделген. Қарағанды облысы бойынша өткен жылы аталған төлемді мыңнан астам отбасындағы 2 мың бала 78 млн теңгеге алды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік көмек пен қолдау жүйесін қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты АӘК-ті трансформациялау қарастырылуда. Көмек үміткердің кірістері мен шығыстарын ескере отырып тағайындалады. Бұл мемлекеттің қолдауына мұқтаж әлеуетті алушыларды анықтауға, бюджет қаражатының атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Ол өз сөзінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бүгінде 737 мыңнан астам қазақстандықтың (халықтың 3,6%) мүгедектігі бар. Қарағанды облысында 56 мыңнан астам адамда мүгедектік белгіленген, оның 60%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 32 %-ы зейнет жасындағы адамдар, 9%-ы 18 жасқа дейінгі балалар.

«Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын, оған Факультативтік хаттаманы ратификациялау және Марракеш шарты шеңберінде міндеттемелер қабылдады.

2025 - 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру басталды, оның шеңберінде мүгедектікті танудың дәстүрлі және медициналық модельдерінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылатын болады», – деп хабарлады Еңбек министрлігінің басшысы.

2024 жылы Қарағанды облысы бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алу бойынша 35,3 мың іс-шара іске асырылды.

Порталдың жұмысына жиі шағымдардың болуына байланысты онда жаңарту жүргізілді. Жыл басынан бері жосықсыз жеткізушілердің 3400 өтінімі алынып тасталды, 5 мыңнан астам қайталанатын карточкалар жойылды, соның ішінде  түрлі жалған акциялар өткізіп, сыйақылармен жарнама жасағандар бар.  

Жеткізушілердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді, атап айтқанда 3 күн ішінде өнімді беру немесе тауарларды жеткізу туралы мәліметтер болмаған кезде тапсырыс жойылады.

Сондай-ақ Тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу үшін ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайтадан қаралуда

Министр осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1 055  объект бейімделгенін атап өтті. Алайда, қол жетімділік мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінде тұр және жергілікті атқарушы органдар оның нақты орындалуын қамтамасыз етуі керек.

«2024 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін (бұдан әрі – АӘҚ) трансформациялау басталды. Орталықтардың қызметін цифрландыру барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ беру сапасын арттыру үшін осы қызметті лицензиялау енгізілді. Қарағанды облысында бұл рәсімнен барлық орталықтар өтіп, 33 лицензия берілді.

Сондай-ақ, осы жылдың басынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізіледі, онда әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемі әрбір көрсетілетін қызметті алушының дербестендірілген қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады. Жаңа шараларды енгізу халыққа АӘҚ көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Светлана Жақыпова.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шеңберінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 49,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік оқытумен 3,3 мың адам қамтылды, кәсіпкерлік негіздеріне тағы 2 мың адам оқытылды. АӘК алушылар, мүгедектігі бар немесе мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар, көпбалалы отбасылар қатарынан өңірдің 178 тұрғыны өз ісін дамыту үшін өтеусіз гранттар алды.

Биыл Қарағанды облысында 1 млн 572 мың теңге көлемінде 230 грант беру жоспарлануда.

Сөз соңында министр қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Ол іске асырылып жатқан шаралар кешеніне және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге ықпал ететін еңбекті қорғаудың заманауи стандарттарын енгізуге қарамастан, бүгінгі күні зиянды еңбек жағдайларын толығымен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында еңбек жағдайы зиянды жұмыста 80 мың жұмыскер еңбек еткен. Зиянды еңбек жағдайларын өтеуге 29,4 млрд теңге бағытталды. Бұл дегеніміз ақшалай төлемдер, тегін сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тамақтану және жұмыс күнінің қысқаруы.

Президенттің тапсырмасы бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 2024 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысында төлем тағайындауға 2 454 адам, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 234 адам жүгінді.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды одан әрі арттыру мақсатында Министрлік АӘТ алушылар санатын кеңейту мәселесін қарайтын болады», – деді Светлана Жақыпова.

Халықпен кездесу барысында министр қарағандылық тұрғындарды толғандырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Кездесуден соң Светлана Жақыпова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сапар барысында Еңбекминінің басшысы №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты, онда тәулік бойы күтімге мұқтаж жалғызілікті қарттарға және бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық 151 төсек-орынға есептелген және стационар жағдайында көмек көрсетеді.

Сонымен бірге министр Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде болып, онда Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде білікті кадрларды даярлаумен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында өңірдің төрт тұрғынының атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, жәрдемақы тағайындауға, жұмысқа орналасуға және т.б. қатысты өтініштері қаралды.

Жұмыс сапарының соңында Светлана Жақыпованың облыс активімен кездесуі болды, оның барысында әлеуметтік-еңбек саласында іске асырылған цифрлық шешімдер көрсетілді. Олардың қатарында Отбасының цифрлық картасының және Кәсіпорындардың цифрлық картасының мүмкіндіктері, Жобалардың инновациялық навигаторы және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған басқа да құралдар бар. Кездесу қорытындысы бойынша министр жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмысын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар берді.

11 апреля 2025
Еңбекминінің басшысы кәсіпорын жұмыскерлерімен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Теміртау қаласына барып, «Қауіпсіздік аумағы» өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау форумына қатысты.

Аталған іс-шараны Qarmet компаниясы ұйымдастырды және еңбекті қорғау, өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру және қызметкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін диалог алаңына айналды.

Форум барысында Светлана Жақыпова Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға және Еңбек министрлігінің өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, профилактикалық жұмысты күшейту және қазақстандықтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларына назар аударды.

«Біз ресми бақылаудан тәуекелдерді ақылға сыйымды түрде басқаруға, жоспарлар мен есептерден адамдарды нақты қорғауға көшу арқылы өз қызметіміздің қисынын өзгертетін боламыз. Ол үшін біз нақты шараларды енгізіп жатырмыз. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қауіпті жұмыстарды дереу, сотқа жүгінбей тоқтата тұру құқығына ие болады.

Нақты ұйғарымдармен цифрлық деректер негізінде қашықтықтан профилактикалық бақылауды енгіземіз. Нақты жағдайды көру үшін тексерулер туралы алдын-ала ескертулерден бас тартамыз. Біз инспектордың өкілеттіктерін одан әрі кеңейтеміз, енді ол кез-келген шағымға, тіпті тексеру парағының тізімінен тыс түрде ден қоя алатын болады. Сондай-ақ зиянды өндірістердегі еңбек нормаларын күшейтетін боламыз, жұмысшылардың қысқаруы секілді үрдіс қауіпті жұмыс көлемі төмендеген жағдайда ғана мүмкін болады. Геолокациямен, фотофиксациямен бірге жүйеге деректерді автоматты түрде жүктеу арқылы жұмыс орындарын аттестаттауды түгелімен цифрландыруға көшіреміз. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін еңбекті қорғау бойынша оқыту мен білімді тексеруді жеке-жеке бөлеміз», – деді өз сөзінде министр.

Светлана Жақыпова Еңбек министрлігінің негізгі орыны жазалаушы орган рөлін атқару емес, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделері арасындағы көпір болу екенін атап өтті.

«Бұл көпір өзара құрметке, жауапкершілікке және сенімге негізделген нық және берік болуы тиіс. Иә, бизнес те өркендеп, өсуі маңызды, бірақ қасымызда адамдар опат болып жатса, ондай өсу мүмкін емес деп ойлаймын. Кез келген жағдайда адамның өмірі мен денсаулығы әрқашан басымдыққа ие болады.», – деді ол.

Министр Оңтүстік Кореяда, Германияда, Финляндияда және басқа елдерде цифрлық шешімдерді, жасанды интеллект пен автоматтандыруды қолдану кәсіпорындарда жаңа қауіпсіздік мәдениетін құруға оң ықпал ететінін айтты.

«Қазақстан да осы жолмен жүруге талпынуда. Біз қазірдің өзінде еңбек инспекторларына арналған мобильді қосымшаларды сынақтан өткізіп, тәуекелдерді талдаудың нейрондық желілік алгоритмдерін зерттеп жатырмыз, қауіпті аймақтардың онлайн-мониторингін енгізудеміз.

Біздің жаңа тәсілдеріміз нақты, сонымен бірге ол жоғары мақсаттарға жетелейді. Біз тек есеп беру үшін бақылауды мұрат тұтпаймыз. Біз қадағалау іс жүзінде қолдауға айналатындай және қауіпсіздік корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болатындай сапалы жүйені құрғымыз келеді.

Мемлекет те, бизнес те, кәсіподақтар мен жұмысшылардың өздері де бірлесе отырып шын мәнісінде «қауіпсіздік аумағын» құра алатынына сенімдімін, осы орайда әркім өз еңбегінің бағаланатынына және оның өмірі қорғалатынына толық сенімді болады», – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

11 апреля 2025
С. Жақыпова Теміртауда регрессші кеншілермен кездесу өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Теміртау қаласында регрессші кеншілермен кездесу өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша ведомство қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.

Министр соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейінің және кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жұмыскерлер санының төмендеу серпіні бар екенін атап өтті.

Сонымен бірге зиянды еңбек жағдайларында, әсіресе өнеркәсіпте және өндіруші секторда жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі сақталуда. Бұл профилактикаға да, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге де бағытталған кешенді шешімдерді қажет етеді.

«Сондықтан біз бақылау ғана емес, алдын алу, төлемдердегі әділеттілік, өтемақылардың қолжетімділігі және жұмыс берушілерді қауіпсіздікке инвестициялауға ынталандыру маңызды болатын жүйені құрудамыз. Проблемаларды айтып қана қоймай, жағдайды шынымен де өзгерту үшін біз жұмыскерлердің денсаулығы мен құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін дәйекті түрде енгізіп отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Біріншісі – 2024 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген қазақстандықтар үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемдерді 55 жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл ішінде аударған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) бар адамдар алады.

Екіншісі – зиянды жағдайда жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы аннуитетінің құны төмендетілді.

«Үшіншіден, зиянды жағдайда жұмыс істеген адамдардың барлығында бірдей МКЗЖ аударымдары үшін қажетті кезеңі бола бермейтінін де көріп-біліп  отырмыз. Қазір осындай жұмыскерлерден көптеген өтініштер келіп түсуде және Біз Қаржы министрлігімен бірлесіп әлеуметтік төлем алушылар тобын кеңейту және бұл адамдарды қолдаусыз қалдырмау тетігін пысықтаудамыз», – деп толықтырды министр.

Төртінші – өндірісте зардап шеккендерді қорғау күшейтілді. 2024 жылдан бастап сақтандыру төлемдерін тағайындау кезінде жұмыскердің кінәсін есепке алу алып тасталды. Өмірді сақтандыру компаниялары 2015 жылдың мамырына дейін кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға өмір бойы сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады, бұл шамамен 1400 адамды құрады.

«Біз сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйлықақысының 12% - на дейін оңалту мен профилактикаға жіберу міндеттемесін енгіздік. Сондай-ақ, зардап шеккендер базалық төлемдерден тыс 100 АЕК мөлшерінде сақтандыру есебінен санаторийлік-курорттық емделуге құқылы.

Бірақ біз мұнымен де шектелмейміз. Қазір Мәжіліс депутаттарымен бірге еңбек ету қабілетінен айрылу күніне қарамастан барлық зардап шеккендерге өмір бойы төлем жасау құқығын қалай кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Бесінші – жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерістер дайындалуда. Екі компонентті сақтандыру тарифін енгізу жоспарлануда, онда қызмет саласы ғана емес, кәсіпорындағы нақты еңбек жағдайлары да ескерілетін болады. Бұдан басқа барлық деректерді Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріктіре отырып, жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ресімдеуден бастап төлемге дейін толық цифрландыру көзделеді.

«Алтыншыдан, кәсіподақтар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін арттыру үшін біз кәсіподақтың автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануға көшуді ұсынамыз. Тиісті ақпараттық жүйе қазірдің өзінде ең ірі кәсіподақ бірлестіктерінің бірі – Кәсіподақтар федерациясымен әзірленіп, таныстырылды. Қазіргі уақытта жүйеде бұл пилоттық режимде жекелеген салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақтар жұмыс істейді. Осы цифрлық құрал құжат айналымын жеңілдетуге, есептілікті арттыруға, ең бастысы – қызметкерлердің кәсіподақтар институтына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Еңбек министрлігінің басшысы.

Жетінші – барлық қолданыстағы ұжымдық шарттарды цифрландыру аяқталды және электрондық ұжымдық шарттар жасасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе іске қосылды.

«Сегізінші, әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындарда кадрлар тапшылығын болдырмау мақсатында біз жұмыспен қамтылғандардың жас құрылымы, оның ішінде 50 жастан асқан қызметкерлер саны туралы деректерді талдаймыз. Оларды уақтылы және қиындықсыз ауыстыру үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арқылы қажетті кадрларды алдын ала дайындауға, сондай-ақ аға қызметкерлерден жастарға тәжірибе мен кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы іске асырылуда. Бұл өндірістік мәдениеттің сабақтастығын, сақталуын және кәсіпорындардағы кадрлар құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деп толықтырды Светлана Жақыпова.

Тоғызыншы – «Еңбек тәуекелдерінің картасы» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол, оның ішінде, қызметкерлердің кредиттелу деңгейін бақылауға және оларды қолдау бойынша одан әрі шараларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе министр ұсынылған шараларды дәйекті іске асыру еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға, жарақаттану мен кәсіптік ауруларды қысқартуға, сондай-ақ зардап шеккендерге және жоғары тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адамдарға лайықты қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

11 апреля 2025
С. Жақыпова Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Еңбек министрлігінің басшысы Теміртауда регрессшілермен кездесу өткізіп, Qarmet компаниясы ұйымдастырған өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі форумға қатысады.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпова өңір активімен, қоғам өкілдерімен және тұрғындарымен кездесулер өткізеді, кездесулерде қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы баяндап, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдермен таныстырады.

Сондай-ақ, министр әлеуметтік және білім беру ұйымдарына барып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

10 апреля 2025
А. Ертаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қоныс аудару жөніндегі өңіраралық жәрмеңкеге барып, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының, Арнаулы кәсіптік колледждің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметімен танысты.

Өңірге келген вице-министр бірінші ретте Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарынан қатысушыларды тарта отырып, Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырған қоныс аудару жәрмеңкесіне барды.

Асқарбек Ертаев Еңбек министрлігі қазақстандықтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіру тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін 5 жыл мерзімге уақытша пайдалануға алуда жеңілдікті жағдайлар жасалды. Қоныс аударушыларға төленетін субсидиялар банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдындағы несиелік міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалған.

Қандастарды немесе қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтердің электрондық форматына көшу жүзеге асырылды», – деп хабарлады вице-министр.

Ол сондай-ақ шығу және қабылдау өңірлерінің еңбек мобильділігі орталықтарына еңбек күші тапшы өңірлерге көшуге ниет білдірген азаматтардан кеңес беру және өтініш беруге жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.

Бұдан әрі вице-министр өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларымен, Түркістан облысы аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, өңірдің әлеуметтік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Ол өз баяндамасында арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдардың  ішкі көші-қон және лицензиялау мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Соңғы бес жылда жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 48,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударды, оның ішінде 14% - ы Түркістан облысынан келді.

Өткен жылдың ортасынан бастап барлық қоныс аударушыларға FSM Social мобильді қосымшасын енгізу арқылы жергілікті қоғамдастыққа бейімделу және интеграциялау қызметтерінің кең спектрі қол жетімді болды. Осы кезеңде 20,7 мың адам бейімдеу және интеграциялық қызметтермен қамтылды», – деді вице-министр.

Асқарбек Ертаев migration.enbek.kz порталының функционалы «Қоныс аудару картасы» модулімен толықтырылғанын айтты.

«Карта қандастар мен қоныс аударушыларға онлайн режимде қоныстану аймағымен, сонымен бірге еңбек нарығындағы ағымдағы бос жұмыс орындарымен, тұрғын үйдің және қолданыстағы инфрақұрылымның болуымен танысуға мүмкіндік береді.

Порталда болу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебі, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауы жүргізіледі», – деді ол.

Асқарбек Ертаев сондай-ақ АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. 

Ол меншік түріне қарамастан мемлекеттік және жеке ұйымдар лицензиялауға жататынын атап өтті.

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін әркелкі жағдайлар жасауға қатысты Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда АӘҚ көрсету сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейтінін түсіндіремін. Осылайша, талаптар барлық ұйымдар үшін бірыңғай болып табылады», – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.

Жұмыс сапары аясында вице-министр Еңбек мобильділігі орталығына барып, онда халықты жұмыспен қамту және ішкі көші-қон мәселелері бойынша қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Асқарбек Ертаев сондай-ақ Түркістан облысының арнаулы кәсіптік колледжінің қызметімен танысты, ол 15-35 жас аралығындағы I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға 3 мамандық бойынша кәсіби білім береді: бухгалтер-аудитор, тігінші, ақпаратты цифрлық өңдеу жөніндегі маман. 

Сонымен қатар, вице-министр №1 және №6 «Самғау» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына барды. Мекемелерде психикалық және физикалық кемістігі, алкогольге немесе есірткіге тәуелділігі бар психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарға АӘҚ ұсынады.

Жұмыс сапарының соңында Асқарбек Ертаев тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 50 орындық жаңа орталықтықтың құрылыс барысымен танысты.

10 апреля 2025
156 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 156 мыңнан асты, бұл ретте биыл 83,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 30,2 млрд теңгені құрады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

  1.  

 

 

10 апреля 2025
Жыл басынан бері 132 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 132,3 мың қазақстандық қатысты. Сонымен қатар, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 43,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 92,1 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 8 мың адам, жастар практикасында 5 адам, қоғамдық жұмыстарда 69,8 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 8,9 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 269 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 11 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен

29,8 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 28 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 10,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 5,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 161 адам жіберілді.

Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 95,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

 

09 апреля 2025
С. Жақыпова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

2025 жылғы 11 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, онда өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі форумға қатысады, әлеуметтік маңызы бар объектілерге барады, қоғам өкілдерімен және тұрғындармен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Жұмыс сапары кезінде өңір халқымен бірге әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті проблемалар талқыланады, сондай-ақ тұрғындардың мәселелері қаралады.

Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

09 апреля 2025
2025 жылдың басынан бері 1940 қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 1940 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 128 адам жүгінді, оның 127-не арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-іне тағайындалған.

Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты 1 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды, сондай-ақ 16 азаматтың өтініштері қарау сатысында тұр.

Сондай-ақ, 74 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартының жасалуын күтуде, 50 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген.

Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 17 адам, 4 көзден – 217 адам), Шығыс Қазақстан (2 көзден – 16 адам, 4 көзден – 180 адам) және Қостанай (2 көзден – 2 адам, 4 көзден – 180 адам) облыстарында тіркелді.

Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңілірек жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘТ 13 568 азаматқа, оның ішінде 2 көзден – 3 093 алушыға, 4 көзден – 10 475 алушыға тағайындалды. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты.

 

 

 

 

08 апреля 2025
С. Жақыпова ҚР ЕХӘҚМ ұжымына жаңа аппарат басшысын таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ұжымға жаңадан тағайындалған аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеевті таныстырды.

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев 1984 жылы 31 қазанда туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, одан кейін ҚР Заңнама институтының ғылыми қызметкері, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды.

2008 жылғы қарашадан 2025 жылғы ақпанға дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, ҚР Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі, 2019 жылдың шілде айынан Мемлекет Басшысының Өкімімен Жалпы бөлім меңгерушісі болды.

Социальные сети
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты