Еңбек ресурстарын дамыту орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ «АМАНАТ» партиясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында вице-министр әлеуметтік-еңбек саласында қолданылатын бірқатар негізгі цифрлық шешімдерді ұсынды.
Қатысушыларға мына бағыттар бойынша мәліметтер берілді: Нақты уақыт режимінде кадрларға қажеттілікті талдайтын және болжайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін үйлестіруді, сапаны бақылауды және мониторингті қамтамасыз ететін жобалардың инновациялық навигаторы; Кәсіпорындардың цифрлық картасы – кәсіпорынның паспортын, қызметкердің профилін, өндірістік және әлеуметтік параметрлерін көрсететін, сондай-ақ скорингке негізделген еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасын қамтитын құрал; еңбек жанжалдарының алдын алу модельдері; Отбасының цифрлық картасы – отбасылардың әл-ауқатының деңгейін бағалау және мұқтаж адамдарға қолдау шараларын белсенді көрсету тетігі; «Еnbek.kz» электрондық еңбек биржасы – цифрлық мемлекеттік қызметтерді, бос орындар мен түйіндемелер бойынша талдауды, басқа порталдармен интеграцияны, сондай-ақ түлектер мен мектеп оқушыларына "Менің жазғы каникулым" платформасы арқылы өндірістік практика ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша жобаларды қамтитын жұмыс іздеудің ең ірі онлайн-платформасы.
Кездесуге қатысушылар ұсынылған цифрлық шешімдерді жоғары бағалап, олардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік саясат пен жүйелі жұмыстың тиімділігін арттырудағы әлеуетін атап өтті.
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23206 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында 743 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 299 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау объектілері– 76;
- білім беру нысандары – 321;
- мәдениет нысандары – 42;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 173;
- спорт нысандары – 87;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 12;
- сауда нысандары менойын-сауық орталықтары – 32.
«Біз, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, емханаларға еш қиындықсыз кіре алу өте маңызды. Қазір бұл шындыққа айналды – мысалы, біздің қалада №3 және №4 қалалық емханалар мен «Мойылды» шипажайы бейімделген», – деп Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Ерлан Құрманғазин ойымен бөлісті.
Бұдан басқа, Павлодар облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап профилактикалық бақылау шеңберінде 6 және жоспардан тыс бақылау шеңберінде 1 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 7 нұсқама енгізілді.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 288,9 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) шамамен 224,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 640 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 999 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 760 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстан Президенті бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мәселелері бойынша министрлер кеңесін өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы ведомствоның сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтетінін баса айтты.
Іс-шараға министрдің орынбасарлары, аппарат басшылары, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитет, Еңбек министрлігінің басқармалары, жоғарыда аталған екі комитеттің аумақтық департаменттері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменттері қатысты.
Жиын барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Алмас Құрманов әлеуметтік сақтандыру жүйесінде алаяқтық әрекеттердің жолын кесу және олардың қайталануын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі уәкілі Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын заңнама нормалары мен жазалар туралы айтып берді.
Отырысты қорытындылаған Светлана Жақыпова департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс күшейтілетінін баяндап, министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету және халыққа қолдау көрсету шаралары кезінде қандай да бір заң бұзушылықтарға жол берілмейтіндігін атап өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 182,2 мың рет көрсетілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және
т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
2025 жылдың басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 791,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 292,6 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 658,5 мың адам оқудан өтті.
Оқудан өткен 39,4 мың жұмыссыз азаматтың 10,4 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.
Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 332-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Мамыр айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Построение отдела продаж в отеле», «Motion design» және «Страховой агент».
Платформада білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.
Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 888).
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында 2025 жылы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу туралы» Министр бұйрығына өзгерістер енгізуде. Құжат туралы ақпарат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Аталған өзгерістер агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыс берушілердің өтініші бойынша әзірленіп отыр және жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаға қатысты болады – бұл квота республикадағы жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 0,25% көлемінде белгіленеді.
Сонымен қатар, Қазақстанға тартылатын шетелдік азаматтардың жалпы санын сақтау мақсатында жеке тұлғалар арқылы тартылатын еңбек мигранттарына арналған квота төмендетіліп, ол жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 2,95% деңгейінде айқындалады.
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 43,7 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 23,6 млрд теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 2,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.
1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде «халық жауларын» анықтау саясатының салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.
Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды.
Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп.
1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматы үшін депортация орны болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың саны 1 миллион 200 мыңның шамасында.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.
«2003-2024 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 4,7 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2949 теңге мен (3/4 АЕК) 393 200 теңге (100 АЕК) аралығында. 2025 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 1,2 млрд теңге қарастырылған», – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов.
Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлеріне қарамастан 1,23 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2025 жылы – 4 837 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
«2005 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен 18,8 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 1,5 млрд теңге жоспарланған. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 26 807 жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азамат арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды», – деді департамент директоры
Ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың бірінші кезекте:
- бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының үш есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;
- оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын алу, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;
- телефондарды бірінші кезекте орнату;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыру, оларда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұру;
- протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;
- оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алуға құқығы бар.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөнінде жергілікті бюджеттер есебінен қосымша шаралар белгілеуге құқылы.
Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді.
2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 223,8 млн теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23206 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 1037 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау объектілері– 152;
- білім беру нысандары – 520;
- мәдениет нысандары– 48;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 266;
- спорт нысандары – 41;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 10.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Рамазан Мұқатаев: «Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Нысан иелері оларды құрылыс нормаларына сәйкестендіруге тырысады. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын аяқтайды. Сауда орталықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды, енді оларға мүгедектігі бар адамдар, әсіресе кресло-арбалармен қозғалатындар кедергісіз бара алады. Мысалы, біздің қаладағы "РИО" сауда орталығы. М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың қолжетімділік деңгейіне және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне таң қалдым», – деп ойымен бөлісті.
Бұдан басқа, Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап профилактикалық бақылау шеңберінде 10 және жоспардан тыс бақылау шеңберінде 2 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 9 нұсқама енгізілді.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет.Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.