2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 323,7 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) шамамен 246,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 45,3 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 680 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 981 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 761 ымдау тілі және 130 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 221,7 мың рет көрсетілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және
т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) қызметіндегі ағымдағы өзгерістер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Еңбек министрлігі мүгедектікті белгілеу тәсілдерін өзгерту бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатыр.
«Бұл реформаның негізі – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің қашықтан проактивті форматын енгізу болып табылады. Ондағы мақсат – мүгедектер тобын тағайындау процесін азаматтар үшін барынша жеңілдету – оны қолжетімді, ыңғайлы, жедел, ең бастысы – объективті және әділ ету», – деді Төлеген Оспанқұлов.
Жаңа формат азаматтарға медициналық ұйым цифрлық түрде жіберетін толық және сенімді медициналық ақпаратқа ие болған жағдайда белгілі бір диагноздар бойынша (30 нозологиялық нысан) жеке тексеруден бас тартуға мүмкіндік береді.
Сырттай формат цифрландыру аясында ғана емес, сонымен қатар шалғай аймақтардағы кадр тапшылығы, сарапшылар жұмысының көптігі, бюрократиялық кедергілерді азайту қажеттілігі сияқты МӘС қызметіндегі жүйелі проблемаларға жауап ретінде енгізілуде. Ол аумақтан тыс сарапшылардың жұмысы арқылы өңірлер арасында жұмыс көлемін қайта бөлуге мүмкіндік береді.
«Реформа халықтың медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіне және тұтастай алғанда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне деген сенімін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мүгедектікті белгілеудің шынайы тұтынушыға бағытталған үлгісін жасауға бағытталған», – деп қосты спикер.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қашықтан проактивті форматта көрсетілген мүгедектік тобын тағайындау бойынша қызметтердің үлесі белгіленген нысаналы индикатор 35% болғанда 37,4%-ды (96,9 мың өтініш) құрады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 39,3%-ға жетті (51,8 мың өтініш).
Сонымен қатар, бірқатар облыстарда (Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл және Атырау облыстары) орташа республикалық деңгейден артта қалу байқалады. Мұның негізгі себептері – медициналық ұйымдар жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссиялардағы білікті кадрлардың тапшылығы, мамандар мен тұрғындардың медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің жаңа форматы туралы жеткіліксіз хабарлануы, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтерді берудегі техникалық ақаулар.
«Біз бұл міндеттерді қосымша жұмыс жасауға ынталандыру ретінде қарастырамыз, сондықтан ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, өңірлерге әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, мамандарды оқытып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Комитет төрағасы.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғамдық кодекстің 156-бабына сәйкес МӘС комиссиясының тәуелсіз сарапшылары сырттай сараптама жүргізу процесіне ресми түрде тартылады. Оспанқұловтың айтуынша, бұл сараптама нәтижелеріне деген ашықтық пен сенімді арттыруға бағытталған өте маңызды қадам.
Тәуелсіз сарапшылар – ашық әрі автоматтандырылған іріктеуден өткен тәжірибелі дәрігерлер. Оған қатысу үшін сізде жоғары медициналық білім, жарамды маман сертификаты, соңғы бес жыл ішінде МӘС мәселелері бойынша оқуды аяқтаған және кәсіби тәжірибеңіз болуы керек. Өтінім электронды платформа арқылы беріледі, содан кейін автоматты тексеруден және тестілеуден өтеді. Қабылдау туралы шешім субъективті факторды жоққа шығаратын жүйемен қабылданады.
Бұған дейін 2024 жылы жүзеге асырылған МӘС-ке тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жобаға 50-ге жуық дәрігер қатысып, оның 18-і іріктеуден сәтті өткен болатын. 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл мамандар 7532 сараптамалық шешім қабылдап, 21 мыңнан астам өтінішті қарады.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МӘС қызметіне 55 тәуелсіз сарапшы тартылған.
Сарапшылардың жұмысы жүйелі түрде бақыланады: қабылданған шешімдердің сапасына ай сайынғы және жыл сайынғы бағалаулар жүргізіліп, белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда тізілімнен шығару тәртібі қарастырылған. Аяқталмаған актілер автоматты түрде басқа мамандарға қайта бөлінеді. Сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес шағымдарды қарау тәртібі бекітілген.
«МӘС Тәуелсіз сарапшылары институтын құру – азаматтардың үміті мен уақыт талабына сай келетін адал және заманауи әлеуметтік қолдау жүйесін құрудағы алға жасалған қадам», – деп түйіндеді сөзін Төлеген Оспанқұлов.
Шымкентте өткен дөңгелек үстел барысында инновациялық техникалық құралдарды пайдалана отырып мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оңалту бойынша пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды. Іс-шара барысында 239 баланың қозғалыс дағдыларын дамытудағы оң динамикасы атап өтілді, бұл жобаға қатысушылардың жалпы санының 75% құрайды.
Дөңгелек үстелге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, Еңбек министрлігінің, қала әкімдігінің, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының (бұдан әрі – ҰҒО) өкілдері, пилоттық жобаны жүзеге асыруға атсалысқан ата-аналар мен балалар қатысты.
«Бұл жобаның мақсаты – жай ғана техникалық қолдау емес, әрбір пайдаланушыға жеке көзқарас арқылы белсенді әрі қанағаттанарлық өмір сүру жағдайын жасау. Лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің ең маңызды шарты техникалық оңалту құралдарымен сапалы және уақтылы қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар баланың қажеттіліктерін, оның талаптарын бағалау және қажетті оңалту құралдарын дұрыс таңдау болып табылады», - деп атап өтті Виктория Шегай кездесуді аша отырып.
Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Қазақстан халқына» ҚҚ және ҰҒО арасындағы үшжақты меморандум негізінде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап төрт аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Павлодар облыстары және Абай облысында жүзеге асырылуда. Ол үш жылға есептелген.
Бүгінгі күні 363 мүмкіндігі шектеулі бала жеке таңдалған инновациялық техникалық оңалту құралдарын (бұдан әрі – ИТОҚ) қолдануда. 2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша барлығы 400 ИТОҚ, оның ішінде – көпфункционалды орындықтар, вертикализаторлар, тірек арбалары мен тренажерлар қолданысқа берілді.
Қозғалыс дағдыларының дамуындағы оң динамика 239 балада (75%) тіркелді:
Шымкентте жобаға 152 бала қатысты. Олардың 84-і дамудың оң динамикасын көрсетті, оның ішінде 9 бала тірек құралдары арқылы жүрсе, тағы 9 бала өз бетімен жүре бастады.
Жобаның тиімділігі сандық оңалту күнделігін, мобильді қосымшаны, іс-шараларды бақылауға арналған «Socium» платформасын, сондай-ақ ҰҒО мамандары әзірлеген бейімделген жағдайды бағалау шкаласын енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар балаларымен үйде күнделікті жұмыс жасайтын ата-аналарға ерекше назар аударды. Олардың қатысуы жетістікке жетудің негізгі факторына айналды.
Іс-шараның шарықтау шегі қозғалыс функцияларын қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге жеткен балалар қатысқан әсерлі ұлттық «Тұсау кесу» рәсімі болды. Символикалық тұрғыда жасалған жүріп кетуге жол ашу – болашаққа сенімді қадамдар үшін бата алу арқылы тура мағынаға ие болды: бұрын жүрмеген балалар ИТОҚ-мен ұзақ және тынымсыз жұмыстан кейін алғашқы қадамдарын жасады.
Виктория Шегай «Қазақстан халқына» фондына және пилоттық өңірлердің әкімдіктеріне тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
«Біз бұл нәтижелерге бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткіздік. Инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында инклюзивті тәсілдерді дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамға толық ықпалдасуына жағдай жасау жұмыстары жалғасатын болады», – деді вице-министр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (бұдан әрі – АҚЖКБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Матильда Богнермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әрекеттерін талқылады.
Сонымен, Асқарбек Ертаев ҚР Үкіметі соңғы жылдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырғанын, оның ішінде БҰҰ комитеттері берген ұсынымдарды іске асыру шеңберінде де хабардар етті. Олардың басым бөлігі 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодексте көрініс тапты.
Вице-министр заңнамадағы көші-қон саясаты, теңдікті, қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, елдегі көгілдір жұмыстардың беделін арттыру және сапалы жұмыс орындарының санын арттыру арқылы қазақстандықтардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту және т.б. мәселелері бойынша заңнамадағы кешенді өзгерістерді атап өтті.
Матильда Богнер ҚР Үкіметінің АҚЖКБ ұсыныстары бойынша қабылданған азаматтардың құқықтарын жақсартуға бағытталған қадамдары жоғары бағаға сай лайықты көрсеткіш екенін атап өтті, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстарға қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың атсалысуын атап өтті, бұл ашықтықтың көрсеткіші болып табылады.
Іс-шараны қорытындылай келе, тараптар мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.
2025 жылдың басынан бері 260,1 мың азамат, оның ішінде 42,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 801,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 302,6 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 671,0 мың адам оқудан өтті.
Биыл оқудан өткен 42,2 мың жұмыссыз азаматтың 11,3 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.
Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 340-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Маусым айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Страховой агент», «Управление персоналом», «Организация перевозок на автомобильном транспорте», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении».
Платформада қаржы және бухгалтерлік есеп, SMART SKILLS және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.
Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 888).
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 51,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 259,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 202,1 мың адам пайдаланды.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем; баланың туылуына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы; мүгедектігі бойынша жәрдемақы; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы; «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы; атаулы әлеуметтік көмек; сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23 206 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 567 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 368 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау объектілері– 87;
- білім беру нысандары – 259;
- мәдениет нысандары – 28;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 73;
- спорт нысандары – 9;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 4;
- сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтары – 81;
- көлік объектілері - 2;
- басқалар - 24.
«Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрына барғанымда, ғимаратқа кіру қаншалықты қолжетімді болғанын көріп қуанып қалдым және жақында қаламыздағы ең үлкен супермаркет – «Динадан» сауда жасадым, онда көп тауар алуға өте ыңғайлы болды, кіріп-шығуға жағдай жасалған, тактильді плиталар, мүгедектерге арналған көрсеткіштер бар. Мен әрдайым бізге жасалған жағдайларға назар аударамын. Бұл – қала тұрғындары, соның ішінде біз үшін де ең жиі баратын орындар», - деп екінші топтағы мүгедектігі бар Ислам Атакишиев ойымен бөлісті.
Бұдан басқа, Маңғыстау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап профилактикалық бақылау шеңберінде 7 және жоспардан тыс бақылау шеңберінде 15 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6 нұсқама енгізіліп, 6 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің (бұдан әрі – СК) бірінші отырысы өтті, оның мүшелері ведомствоның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді, сондай-ақ жаңа бастамаларға баға береді.
СК құрамына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларынан еңбек сіңірген мамандар, сондай-ақ жұмыс берушілер қауымдастықтары мен кәсіптік одақтардың өкілдері кірді. БҰҰ жанындағы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің басшысы Әлихан Байменов тұрақты төраға болып белгіленді.
СК бірінші отырысын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде сарапшылардың пікірі ведомство реформаларының тиімділігін едәуір арттыра алатынын атап өтті.
«Бүгін Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтуде. Оны құру идеясы Әлихан Байменовке тиесілі және біз оны толықтай қолдауға дайынбыз. Негізгі мақсат – жаңа бастамаларға сараптамалық баға беру, кәсіби пікірлер мен ұсыныстарды тыңдау. Бұл бізге әзірленетін шешімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қоғамға сеніммен шығуға және азаматтардың өмірін қалай жақсартуға ниет білдіргенімізді түсіндіруге көмектеседі. Әрбір отырыста біз сарапшыларға аналитикалық материалдардың толық пакетін ұсынатын боламыз және әлеуметтік-еңбек саясатының барлық негізгі бағыттары бойынша мазмұнды ұсыныстарға сенеміз», – деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.
Министр отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың скорингтік үлгісін көрсетті, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформа арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті.
Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырыстары ай сайын өткізілетін болады.