Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында 1182 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23206 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 1182 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 59 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау объектілері– 105;
- білім беру нысандары – 443;
- мәдениет нысандары – 58;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 239;
- спорт нысандары – 120;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 17;
-.сауда нысандары менойын-сауық орталықтары – 44;
-.басқа да нысандар – 156.
«Мен «Ақжайық» оңалту орталығындамын және мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, мысалы, бүйірлік жолдар, пандустар, санитарлық тораптар біздің қажеттіліктерімізге лайықталған. Мұндай жағымды жағдай Орал қаласында ғана емес, облыстың өңірлерінде де байқалады», – дейді Орал қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Бауыржан Рахметов.
Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап жоспардан тыс бақылау шеңберінде 7 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 4 нысанда бұзушылықтар анықталып, 943,7 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет.Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Байқау халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген көрнекті мамандар мен инновациялық бастамаларды анықтау және ынталандыруға бағытталған. Негізгі мақсат – әлеуметтік қызметкерлер мамандығының беделін арттыру, озық тәжірибені енгізуді ынталандыру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы озық тәжірибені тарату.
Байқау әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын жеті номинация бойынша өткізіледі:
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»;
- «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік педагог» (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде);
- «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік жоба».
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар конкурстық өтінімді, презентация материалдарын және жұмыстары немесе жобасы туралы қысқаша бейнероликті дайындауы керек.
Өтінімдерді 2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында www.qamqor.enbek.kz онлайн платформасы арқылы беруге болады.
Байқау екі кезеңде өтеді: облыстық және республикалық. Арнайы комиссия ашықтық пен объективтілік қағидаттарын сақтай отырып, бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Сонымен қатар, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, платформада қоғамдық онлайн дауыс беру жүргізіледі. Оның нәтижелері жеңімпаздарды таңдау кезінде ескеріледі.
Сонымен қатар, байқау аясында «Әлеуметтік қызметкердің бір күні», «Мейірім шуағы», «Әлеуметтік идея» және «Әлеуметтік қызметкерге алғыс» тақырыптарында #Әлеуметтікфлешмоб, #СоциальныйФлешмоб біртұтас хэштегімен бірқатар әлеуметтік челлендждер жүргізіледі.
Байқау нәтижелері Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында – 2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық мүдделі мамандар мен ұйымдарды байқауға белсенді қатысуға, өз жетістіктерін көрсетуге және еліміздің әлеуметтік саласының дамуына үлес қосуға шақырады.
Байқауға қатысу бойынша кеңес алу үшін 1414 телефоны бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.
Толық ақпаратты www.qamqor.enbek.kz сайтынан алуға болады.
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 808 тексеру жүргізді, оның 325-і жоспардан тыс, 239 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 244 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 374 ұйғарым берілді, 49,9 млн теңгеден астам сомаға 253 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 39, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 210, мемлекеттік мекемелер – 62, балабақшалар – 35, мектептер – 83, колледждер, лицейлер – 13, ауруханалар, емханалар – 76, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 47, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 38, ДК – 23, дүкендер – 55, сауда үйлері – 10, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, полиция пункті – 4, стоматология – 6, кітапхана – 3, мәдениет үйлері – 10, мұрағаттар мен мұражайлар – 3, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 14, нотариус – 1, банктер – 10, оңалту орталықтары – 2, өзге де 39 объекті қамтылды.
Мәселен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініштері негізінде «Астана қаласы полиция департаментінің Нұра аудандық полиция басқармасы» ММ және «Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы» ММ-нің ғимараттарына мүгедектігі бар адамдардың кіруі бойынша әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулер нәтижелері бойынша бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді. Сонымен қатар, «Астана қаласы полиция департаменті Нұра аудандық полиция басқармасы» ММ-сі ғимаратының меншік иесі «US Лимитет» ЖШС-гі ҚР ӘҚБтК 83-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 235 920 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.
«№3, 6, 8, 11 және 14 қалалық емханаларында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолайлылығы үшін тиісті жағдайлар жасалған: арнайы автотұрақ орындары бөлініп, кіреберіс аймақтары пандустармен жабдықталған. Көру қабілеті бұзылған жандар үшін кіреберісте тактильді мнеможүйелер орнатылып, ғимарат ішінде бағыттаушы жолақтар қарастырылған. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген әмбебап кабиналар бар. Осындай қолжетімділік талаптары халыққа қызмет көрсететін басқа да нысандарда — дәріханаларда, дүкендерде, сұлулық салондарында және дәмханаларда да ескеріліп, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кедергісіз қызмет алуына жағдай жасалуда», – деп бөлісті Астана қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Аман Ажар.
Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі - Портал) 2025 жылғы
11 тамыздан бастап 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
- Порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Грант алуға:
- тіркелген жұмыссыздар;
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
- мүгедектігі бар адамдар;
- қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
- өңіраралық қоныс аударушылар
- аз қамтылған отбасы мүшелері;
- көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.
Грантты қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.
Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
2025 жылда 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, 45,1%-ы – Қытайдан, 41,7% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31%-ды және зейнеткерлер 9,2%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша
16%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,3% білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 092 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 494 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 188 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Қазақстанда мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ITMLab 2.0 жобасы басталды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Chevron компаниясының қолдауымен ITeachMe қоғамдық қоры ұйымдастырған хакатонның жаңа маусымы география мен қатысу форматын кеңейте отырып, ұлттық мәртебеге ие болды.
Хакатонның ресми бастауын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жасап, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
«ITMLab – бұл жай ғана технологиялық жарыс емес. Бұл кедергілерді жоя алатын, мүмкіндіктерді кеңейтетін және қоғамды шынайы инклюзивті ете алатын идеялар туатын алаң. Мұнда жастар, сарапшылар және мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі оң өзгерістер үшін бірлесіп жұмыс істейді», – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.
Екінші маусымда жоба ұлттық деңгейге жетеді және айтарлықтай кеңейеді: онлайн хакатон іске қосылады, цифрлық шешімдерді әзірлеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі, қатысушыларға бизнес секторы өкілдерінен тәлімгерлік қолдау көрсетіледі. Бұл инновациялар Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысушыларды тартуға және әзірленіп жатқан бастамалардың технологиялық жетілу деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Хакатонға кез келген адам қатыса алады. Өтініштерді студенттер, IT мамандары, реабилитологтар, ҒӨБ өкілдері және мүгедектігі бар адамдардың өздері береді. Одан кейін қатысушылар командаларға бірігіп, цифрлық қолжетімділік пен білім беру өнімдерін бейімдеуден бастап ұтқырлық пен жұмысқа орналасу жағдайларын жақсартуға дейін нақты тапсырмалармен жұмыс істейді.
Үздік идеялар прототиптік кезеңге дейін әзірленіп, әлеуетті инвесторлар мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті цифрлық ортаны дамытуға бағытталған мұндай бастамаларды қолдауды жалғастырады.
Еске салайық, ITMLab жобасының бірінші маусымының финалы 2024 жылы Астанада өткен болатын. Астана және Алматы қалаларында өткен хакатондарда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған стартаптар іріктелді. Финалистер тәлімгерлікпен өз шешімдерін пысықтады, ал 6 үздік деп танылған жоба тәжірибелік үлгілерді жасау мақсатында грантқа ие болды.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 820 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 562 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 340 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 060 және 1 167 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 874 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 817 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 882 жұмыс беруші бар. Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 160 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 902 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 347 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 178 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 463 адам, Өзбекстан – 2 477 адам, Үндістан – 1 097 адам, Түркия – 1 071 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3 916 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 3 968 адам өтініш білдірген.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 313 адам жүгінді, оның ішінде 309 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 3 655 адам өтініш білдіріп, оның 3 607-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 56 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 18 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 43 адам, 4 көзден – 496 адам), Шығыс Қазақстан (2 көзден – 32 адам, ал 4 көзден – 356 адам) және Қостанай (2 көзден – 9 адам, ал 4 көзден – 297 адам) облыстарында тіркелген.
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы еңбек нарығын дамыту және цифрландыру туралы айтты. Ол Қазақстандағы жұмыссыздық 4,6 пайызды құрайтын тарихи төмен деңгейде қалып отырғанын атап өтті. Вице-министр өз баяндамасында еңбек нарығындағы негізгі тенденцияларды айтып, оны дамытуда қолданылатын тәсілдер туралы хабардар етті.
«Біріншіден, бұл цифрландыру және автоматтандыру. Барған сайын көп мамандықтар цифрлық дағдыларды қажет етеді. Екіншіден, платформалық жұмыспен қамту және электронды коммерция. Үшіншіден, біздің халықымыздың саны артып, соның нәтижесінде жыл сайын жастар ағыны да өсіп келеді. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өседі. Әрине ол еңбек нарығына қосымша салмақ түсіреді», – деді вице-министр.
Тағы бір қиындық – көлеңкелі экономика. 2024 жылдың көрсеткіші бойынша жұмыспен қамтылған халықтың 30%-ға жуығы зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Жекелеген салаларда еңбек нормаларының болмауы да жұмыспен қамтудың көлеңкелі формасының сақталуына ықпал етеді.
«Орта мерзімді кезеңде кадрларға болжамды қажеттілік 3 миллионға жуық адамды құрайды. Сұраныстың салалық құрылымы күш-жігерді қайда бағыттау керектігін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер бірінші орында – мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру. Бұл салалар жұмыс күшіне жалпы сұраныстың 29%-ын құрайды, одан кейін кәсіпкерлік қызмет (21%), көлік және логистика (16%), өнеркәсіп (13%), құрылыс және ауыл шаруашылығы – әр салаға 7%-дан келеді», – деді Асқар Биахметов.
Бұл деректер кәсіптік стандарттарды бекіту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытуға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу, мамандарды қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс. Бұл әсіресе цифрландыру және демографиялық өзгерістер аясында маңызды.
«2024 жылдан бастап еңбек нарығын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін жоғары сапалы жұмыс орындарын есепке алу жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда мұндай жұмыс орындарының саны 2,6 миллион көрсеткішті құрайды.
Біздің міндетіміз – 2030 жылға қарай 3,3 миллион адамды жұмыспен қамту. Биылғы жылдың басынан бері 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды», – деп толықтырды вице-министр.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 2025 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 196,8 мың азамат тартылды: 48,1 мың адам үшін Кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 30,8 мың адам қамтылды, субсидияланатын жұмыс орындарына 113,7 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 4,2 мыңнан астам адам грант алды.
«Бүгінде біз кәсіби кадрларды даярлауға жүйелі түрде келу үшін Ұлттық біліктілік жүйесін белсенді түрде дамытудамыз. Бұл еңбек нарығының тез өзгеретін талаптарына сәйкес маңызды рөл атқарады.
Бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие 7800-ден астам мамандық бар. Оның 4500-ге жуығы кәсіби стандарттармен қамтылса, 864-і әзірленді», – деп толықтырды Асқар Биахметов.
Сонымен қатар, Цифрлық дағдылар банкі іске асырылуда. Келесі қадам – кәсіби стандарттарды әзірлеу процесіне жасанды интеллект енгізу болады. Бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді жедел талдауға, күнделікті процестерді барынша азайтуға және нақты уақыт режимінде стандарттарды уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді.
Вице-министр бұдан кейін жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобаларға кеңінен тоқталды.
Еңбек министрлігі кадрлар қажеттілігін талдауға және болжауға, сондай-ақ іске асырылып жатқан барлық жобалардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін «Инновациялық жобалар навигаторы» платформасын құрды.
«Бүгінгі таңда жүйе 2030 жылға қарай 222,4 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 1 415 инвестициялық жобаны бақылайды. Оның ішінде 1 141 жоба жүзеге асырылуда, 274 жоба аяқталды, 33 мың жұмыс орны ашылды», – деп қосты Биахметов.
Мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформада қазірдің өзінде сұранысқа ие 744 мамандық туралы ақпарат жинақталған.
Skills Enbek онлайн платформасы мамандардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған. Қазіргі уақытта платформа 1 301 курсты ұсынады, оның ішінде 340-ы тегін. 811 мыңнан астам қолданушы тіркелген.
Enbek.kz порталы студенттер, білім орындары және жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ететін студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру функционалдығын жүзеге асырады.
«Еңбек нарығының одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы жұмыс орындарының санын арттыру, сұраныс пен ұсынысты тиімді болжау, экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажет.
Министрлік Мемлекет басшысы мен Үкімет тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты толықтай жүзеге асыратын болады», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 80 932 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 96 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 630 ардагер, 26 580 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 37 626 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері. 2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 8,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).