Меню
Страницы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
11 июля 2024
С. Жақыпова Алматы облысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында Сүлейман Демирель атындағы университет алаңында жұмыс берушілермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді. ЕХӘҚМ басшысы Қазақстанда 2030 жылға дейін қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде енгізілетін өндірістік жарақаттануды төмендетудің жаңа тәсілдері туралы айтты.

Кеңесте сөйлеген сөзінде Светлана Жақыпова еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Осы саладағы ағымдағы жағдай туралы Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің (бұдан әрі – ЕӘҚК) төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов хабарлады.

Ол қабылданып жатқан шараларға қарамастан, биыл Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша соңғы жылдары қалыптасқан оң динамиканы сақтау мүмкін болмағанын атап өтті.

Мәселен, осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 700 жұмыскер зардап шекті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға артық (633 жұмыскер), оның 90-ы қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық (69 жұмыскер). 

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында – 17%, құрылыс саласында – 13% және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында – 5% байқалады.

«Есепті кезеңде Алматы облысында өндірісте зардап шеккендердің саны 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 еседен астам өсті (10-нан 27 адамға дейін), өліммен аяқталған жарақаттар саны да 3 есеге өсті (0-ден 3-ке дейін).  Өңірде ең көп зардап шеккендер құрылыс саласының кәсіпорындарында байқалады – 31%», – деді Төлеген Оспанқұлов.

Жүргізілген тергеу материалдарын талдау көрсеткендей, адам өлімімен аяқталатын жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: жұмыскердің еңбекті қорғау мен еңбек тәртібінің талаптарын өрескел бұзуы – 33% (101 жағдай); жол-көлік оқиғалары – 11,4% (35 жағдай); жұмыс берушінің жұмыс жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыруы – 31% (96 жағдай).

Бас мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, ЕӘҚК-нің өңірлер бойынша жүргізген талдауы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың жұмыс берушілермен еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізбейтіндігін көрсетті.

«2023 жылы еңбек инспекторлары кәсіпорындарды профилактикалық бақылау шеңберінде 173 тексеру жүргізді, ал биылғы 1 тоқсанда барлығы 11 тексеру жүргізілді. Бұл ретте Алматы облысында 2023 жылы және осы жылдың 1 жартыжылдығында кәсіпорындарға барумен профилактикалық бақылау шеңберінде бірде-бір тексеру жүргізілген жоқ. Бұл еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның әлсіз жұмысын көрсетеді», – деп атап өтті Оспанқұлов.    

ЕӘҚК төрағасы Алматы облысының еңбек инспекциясы басқармасына жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, өңірде өндірістік жарақаттанудың өсу себептері және қабылданған шаралар туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, талдамалық анықтама беруді тапсырды. Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары әрбір кәсіпорында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Статистикаға сәйкес, 2023 жылы тексерілген кәсіпорындардың 1 млн 692 мың қызметкерінің 519 мыңы (35%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, оның ішінде Алматы облысында – зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін 8,5 мың жұмыскерге жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес кепілдіктер мен өтемақылар береді (жұмыс уақытының қысқаруы, қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы және еңбекақы мөлшерінің жоғарылауы, сүт, емдік және профилактикалық тамақтану). Мәселен, 2023 жылы 697 мың жұмыскер 255 млрд теңге сомасына зияндылығы үшін өтемақы алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23% - ға артық. Бұл соманы жұмыс берушілер еңбек жағдайларын жақсартуға жұмсаған болуы мүмкін», – деп толықтырды Төлеген Оспанқұлов.

  ЕӘҚК басшысы Еңбекминінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін шаралар кешені қабылданып жатқанын айтты. 

2019 жылдан бастап 7 алтын ережені көздейтін «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыс басталды. Бүгінгі таңда осы тұжырымдамаға 580 кәсіпорын, ал Алматы облысында – тек 15 кәсіпорын қосылды.

  Республика кәсіпорындарында 18 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылып, жұмыс істеуде, онда 24 мыңнан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмыс істейді. 2023 жылы олар 111 593 тексеру жүргізді, нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының 142 мыңнан астам бұзушылығы анықталды, оның ішінде 121 мыңы жойылды. 

«Алматы облысында 1171 өндірістік кеңес жұмыс істейді, онда еңбекті қорғау жөніндегі 1194 техникалық инспектор қызмет атқарады. Олардың әлеуетін пайдалану қажет. Өндірістік кеңестермен өзара іс-қимыл еңбек инспекторларының жұмысындағы бағыттардың бірі болуға тиіс. 

Еңбек кодексіне норма енгізілді, оған сәйкес құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйымдар (екі және одан да көп) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады, яғни тікелей бақылау жүзеге асырылады: бас мердігер – мердігер. Бүгінгі таңда 270 кәсіпорын осындай бақылау моделін енгізді, Қостанай облысында – 15. Бұл ретте, бұрын айтқанымдай, жарақаттанудың негізгі үлесі құрылыс нысандарына тиесілі. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет», – деп атап өтті Бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 

Кеңесті қорытындылай келе, Светлана Жақыпова өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді.

«Еңбекмині Тұжырымдаманы белсенді іске асыруға кірісті. Отбасының цифрлық картасына ұқсас Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады. Олар үшін кәсіпорындар картасында жеке жұмыс орны құрылады.

Барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныс құралдарын және басқа да кепілдіктерді ұсыну, барлық деңгейдегі еңбекті қорғау бойынша білімді тексеру», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Министрдің айтуынша, Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары үшін оң нәтиже күтілуде. Жұмыскерлер үшін – өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулықты сақтау, жұмыс берушілер үшін – қауіпсіз жұмыс орындарын құруға және еңбек өнімділігін арттыруға экономикалық қызығушылық, мемлекет үшін – әлеуметтік-экономикалық даму және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Жоғарыда аталған шараларды іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге, құзыреттерді арттыруға және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша экономикалық ынталандыруды күшейтуге ықпал етеді деп үміттенеміз.

Алматы облысының әкімдігі мен өңірдің жұмыс берушілері Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыскерлердің еңбегін қорғау жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет», – деп түйіндеді сөзін Светлана Жақыпова.

11 июля 2024
С. Жақыпова Алматы облысындағы бірқатар әлеуметтік, өндірістік және білім беру нысандарын аралады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына екі күндік жұмыс сапары аясында мүгедектігі бар балалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың, мансап орталығы, екі кәсіпорынның, Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжінің және Сүлейман Демирель атындағы университеттің жұмысымен танысты.

Өңірдегі Еңбекминінің басшысы барған бірінші объект Алматы облысының күндізгі болу орталығы болды, онда тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік бейімдеу, оңалту және түзету жартылай стационарлық режимде жүргізіледі.

Осы мекеме жұмысымен танысу барысында Светлана Жақыпова Қазақстан бойынша осындай орталықтар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта республикада 871 ұйым мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсетеді. 2025 жылдан бастап АӘҚ бойынша жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл жеке бизнестің осы салаға тартылуына ықпал ететін болады. Бұл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге жыл соңына дейін ҚР инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау жоспарлануда, оны іске асыру әрбір азамат, дамудың жеке ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға мүмкіндік береді», – деді Министр.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпова Қонаев қаласындағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының жұмысымен танысты, онда 1,3 жыл ішінде 342 адам арнаулы әлеуметтік қызметтер алды.

Келесі нысан «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС зауыты болды, ол «Роллтон» және «BIGBON» танымал брендтерімен тез дайындалатын тамақ өнімдерін өндіруге маманданған өнеркәсіп орны.

11 шілдеде Еңбекминінің басшысы Қарасай ауданының Мансап орталығының және мектептер үшін кеңсе жиһаздарын шығаратын «Алатау Прогресс КЗ» ЖШС жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Светлана Жақыпова болашақта шетелде жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтарды даярлау жобасы іске асырылатын  Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжіне  барды және 8 мыңнан астам студент білім алатын Сүлейман Демирель атындағы университетте болды.

10 июля 2024
С. Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесу өткізді, онда Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы айтты. 

Іс-шара Жамбыл ауданының әкімдігінде өтті. Оған көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдерінен жалпы 60-тан астам адам қатысты.

Сөз басында ЕХӘҚМ басшысы 2023 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы: ең төмен базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін, ал 2024 жылы – 65%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайтылды; ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46%-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін артты.

Алматы облысында зейнетақының жиынтық орташа мөлшері (базалық, ынымақты және жинақтаушы) 152,7 мың теңгеден асты.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақылардың өсуі 9%-ды құрады. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайды.  Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2023 жылы 3 трлн 313 млрд теңге жұмсалды, 2024 жылы 3 трлн 785 млрд теңге бағыттау жоспарлануда», – деді Светлана Жақыпова.

Министр сондай-ақ еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін атап өтті.

2023 жылы: мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% - ға индекстелді; Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты  жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды; Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Алтын алқа» алқасымен,  I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, «Батыр ана» атағын алған аналарға жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылды.

Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері орта есеппен 14,5 %-ға ұлғайтылды.

Балалары бар отбасыларды қолдауға 2023 жылы шамамен 1,3 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 655,7 млрд теңге, МӘСҚ қаражатынан – 635,2 млрд теңге бағытталды. 2024 жылы шамамен 1,5 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 766,7 млрд теңге, МӘСҚ қаражатынан – 736,8 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысы бойынша:

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 6,1 млрд теңге сомасына 5 мыңнан астам адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны 2,5 млрд теңге сомасына 14,6 мың адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан жұмыс істемейтін әйелдерге берілетін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны 1,9 млрд теңгеге 14 мың адам алды;

- жұмыс істейтін ата-аналарға бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 6,8 млрд теңгеге шамамен 46 мың адам алды;

- мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақыны 2,3 млрд теңге сомаға 6,5 мың адам алды.

- «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны 2,3 млрд теңге сомасына 18,2 мың адам алды;

- кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 17,7 млрд теңгеге 53,1 мың отбасы алды.          

«Облыста 30,9 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алды.

Сонымен бірге еңбекке қабілетті отбасы мүшелері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары ұсынылады. АӘК алушылар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жіберіледі, қайта даярлаудан өтеді және кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қосымша төлем ұсынылады.

Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек пен қолдау жүйесін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, АӘК толық трансформацияланады. Мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленетін болады. Оның құрамына АӘК, жалға берілетін тұрғын үйді жалдауды субсидиялау, жеңілдікпен жол жүру және басқалары кіреді», – деді Светлана Жақыпова.

 Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы мақсатында кешенді шаралар қабылданды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. 2023 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс қабылданды, оған бірқатар қосымша әлеуметтік қолдау шаралары енгізілді: жөргектерді беру нормалары екі есе ұлғайды; «Спина бифида» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар жоғары сапалы катетерлермен қамтамасыз етіледі; ментальді бұзылуы бар балаларға арналған санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну бойынша пилот іске қосылды; 1-топ мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері үшін зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар аударылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін әртүрлі өңірлерде ересектер мен балаларға арналған 12 оңалту орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар еліміздің алты облысында аутизм спектрі бұзылған және басқа да ментальді бұзылуы бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтары ашылды.

«Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірнеше пилоттық жобалар іске асырылуда. Олар сырттай проактивті форматта мүгедектікті белгілеу; Астана және Алматы қалаларында такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметтерін көрсету; 6 өңірде сыйымдылығы шағын үйлерді енгізу; 4 өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдарын жеке таңдау», – деп толықтырды министр.

2024 жылы бірнеше негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бірінші – Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау, оны іске асыру әрбір азамат, дамудың жеке ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруға мүмкіндік береді.

Екінші – олардың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау.

Үшінші – халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін цифрландыру. Өткен жылы жұмыс Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында басталды.

Төртінші – техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің кейбір түрлерін монетизациялау.

Бесінші – ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін телереабилитация технологияларын енгізу.

Алтыншы – оңалту іс-шараларының тиімділігін бақылауға және жақсартуға көмектесетін Цифрлық оңалту күнделігін әзірлеу.

Жетінші – әрбір азаматқа жеке және тиімді тәсілді ұсынатын әлеуметтік және кәсіптік оңалтудың цифрлық хаттамаларын енгізу.

Сегізінші – Әлеуметтік саланы дамытудың ұлттық ғылыми орталығын жаңғырту. 

«Осы бағыттарды іске асыру әділетті қоғамды дамытудың негізгі факторы болып табылады. Біз неғұрлым жетілдірілген және инклюзивті әлеуметтік саясат құру мақсатында ашық диалог пен сындарлы ынтымақтастыққа дайынбыз», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Сонымен бірге ЕХӘҚМ басшысы халықты жұмыспен қамтудың қабылданып жатқан шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы облысы бойынша 24,4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Министр әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алу мүмкіндіктері мен шарттарына және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту үшін жеңілдетілген микрокредиттерге ерекше назар аударды. Биыл Алматы облысында 260 грант және 392 микрокредит беру қарастырылған.

«Электрондық еңбек биржасы» порталы жұмысқа орналасу, жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер алу және жаңа кәсіптік дағдыларды игеру үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Кез келген қазақстандық бұл қызметтерді онлайн форматта ала алады», – деді ол.

Светлана Жақыпова сондай-ақ Қазақстанның көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбекті қорғауды арттыру және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, мемлекеттің басты міндеті – халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен табысын қамтамасыз ету. Сондықтан Министрліктің барлық қызметі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оны шешуге бағытталған», – деп түйіндеді министр.

Халықпен кездесуден кейін Еңбекминінің басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

10 июля 2024
С. Жақыпова Алматы облысының активімен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті. 

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыстық мәслихат өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және тағы басқалар қатысты.

Сөз басында Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы баяндады. Атап айтқанда, базалық зейнетақының кезең-кезеңімен ұлғаюы, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыстың көбеюі, Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі, Отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелері, қазақстандықтарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Сондай-ақ, Министр ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі, 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының, 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамалары туралы айтты.

Бұдан басқа Еңбекминінің басшысы ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және платформалық жұмыспен қамтуды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова өңірдегі ағымдағы жағдайды талқылап, бірқатар проблемаларды шешу жолдарын ұсынды.

Мәселен, Алматы облысының халық саны 1,5 млн адамды құрайды, оның 16% (246 мың) – қалалық, 84% (1,3 млн) – ауылдық. 2050 жылға қарай халық саны 61% - ға артып, 2,4 млн адамға жетеді.

Жұмыс күшінің саны – 751 мың адам, 2050 жылға қарай 1,1 млн (+44%) дейін өседі. Бүгінгі таңда жалдамалы жұмыскерлердің үлесі 68%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі – 32%-ды құрайды. Жұмысқа жарамды жастар саны 400 мың адам (56%).

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды. Өңірдегі орташа жалақы – 227,4 мың теңге, бұл жалпы республикалық көрсеткіштен төмен.

«Өңірде акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, педиатрлар мен анестезиолог-реаниматологтардың тапшылығы, сондай-ақ ауылдық округтер мамандарының компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейі байқалады.

Мемлекет шығындары 164,3 млрд теңгені құрайтын ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жыл басынан бастап 2,4 мың жұмыс орны немесе республика бойынша жалпы санының 4% ғана құрылды», – деп атап өтті министр.

ЕХӘҚМ басшысы медициналық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды ұлғайтуды және онлайн-оқыту арқылы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруды ұсынды.

«Жыл сайын құрылатын сапалы жұмыс орындарының санын 2024 жылғы 98 мыңнан 2029 жылы 160 мыңға дейін ұлғайту қажет. 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,5%-ға дейін төмендетуді, экономикадағы орта кәсіпкерлік үлесін 21,1%-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын қолдану қажет», – деп атап өтті ол.

Алматы облысының активімен кездесуде Светлана Жақыпова әлеуметтік-еңбек саласының бірнеше ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Министр отырысқа қатысушыларды Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасымен және еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету салаларында мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Кәсіпорындардың цифрлық картасымен толыққанды таныстырды. Қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін анықтаудың және проактивті форматта мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің негізгі құралы ретінде Отбасының цифрлық картасына және халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер мен мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынатын Электрондық еңбек биржасына ерекше назар аударылды.

10 июля 2024
С. Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. ЕХӘҚМ басшысы өңір активімен, тұрғындарымен және жұмыс берушілерімен кездесулер өткізеді, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік, білім беру және өндірістік объектілерге барады.

Өңірге келгеннен кейін Светлана Жақыпова Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласына байланысты тапсырмаларын іске асыру барысын талқылады. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және басқа да мәселелер қаралды.

10 июля 2024
Еңбекмині интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін жұмыскерлердің әлеуметтік аударымдарын қайтару тәртібін әзірледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшермелерін айқындауы, жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды  интернет платформа операторы ұстап қалуы мен аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының сомаларын және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды интернет платформа операторына қайтаруды бекіту туралы қағидаларын» әзірледі. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы 2024 жылғы 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Осы Қағидалар Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру үшін әзірленді.

Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15118678 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық іс-шаралар
09 июля 2024
С. Жақыпова ХЕҰ өкілдерімен және жұмыс берушілермен Орталық Азия үшін бірегей оқыту бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілер Ұлттық конференциясы Президумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов және Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) Халықаралық оқу орталығының  өкілі Сандро Петтинео Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі лекторларды даярлау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысын талқылады.

Жоба осы жылдың 29 сәуірінде басталып, Орталық Азияда алғаш рет іске асырылуда. Оқу курсының ұзақтығы – 10 апта, оның 9-ы онлайн форматта. Ол аяқталғаннан кейін дәріскерлер ХЕҰ-ның Қазақстан кәсіпорындарында оқытуды одан әрі жүргізуге лицензиясын алады.

«Жобаның ерекшелігі – оның мультипликативті әсері. Лицензияланған оқытушылар өз қызметкерлеріне тренингтер өткізіп, оларды халықаралық стандарттар бойынша сертификаттай алады. Сондай-ақ, олар ХЕҰ атынан сертификаттар беруге құқылы. Бұл ретте емтиханды тек қана Халықаралық еңбек ұйымы жүргізеді.

Бұл тәсіл сертификаттарды тексеруді жеңілдетеді, өйткені лекторларға берілген барлық лицензиялар, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне берілген сертификаттар ХЕҰ бірыңғай электрондық базасына енгізіледі», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Оқу бағдарламасына Қазақстанның ірі жұмыс берушілері ерекше қызығушылық танытты. Жобаға KAZ Minerals, Қазақмыс, ERG, ҚазЦинк, ССКӨБ, Самұрық-Қазына, ҚазАтомПром, Полиметалл Еуразия, Қостанай минералдары, ХейдельбергЦемент, Самұрық-Энерго топтары, сондай-ақ ЖОО және ЗТБ өкілдері қатысады.

Жұмабек Жанықұлов жоба Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Оқыту бағдарламасын еңбек саласындағы «заң шығарушы» болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымы құрастырған. Айта кетейік, Қазақстанның ірі жұмыс берушілері, оның ішінде біздің Конфедерация мүшелері қызығушылық білдіріп, оқуға алғашқылардың бірі болып өтініш берді. Жоба бүкіл елге таралады деп үміттенеміз. Бұл шара Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді және халықаралық стандарттармен біртіндеп үйлестіруге әкеледі деп санаймын», – деді ол.

Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық іс-шаралар
09 июля 2024
С. Жақыпова ХЕҰ өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесу өткізді. ЕХӘҚМ басшысы жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы цифрлық жүйелерді көрсетті.

Іс-шараға «PARYZ» ҚР Ұлттық Жұмыс берушілер Конфедерациясы Президумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, ХЕҰ халықаралық оқу орталығының (ITC ILO) өкілі Сандро Петтинео,  ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, сондай-ақ түрлі қазақстандық компаниялардың кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты өкілдері қатысты.

Алғы сөзінде Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қызметінің негізгі бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау болып табылатынын атап өтті.

Өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілді. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді.

Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану деңгейін, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар санын азайтуға және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға ықпал ететін болады.

«Отбасының цифрлық картасына ұқсас Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады. Олар үшін кәсіпорындар картасында жеке жұмыс орны құрылады.

Барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныш құралдарын және басқа кепілдіктерді ұсыну, барлық деңгейдегі еңбекті қорғау туралы білімді тексеру. Осы шараларды қабылдау нәтижесінде өндірістік жарақаттану көрсеткіштері төмендейді деп күтілуде», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын нақты көрсетті.

Атап айтқанда, іс-шараға қатысушылар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының функционалымен танысты.

Сонымен қатар, Бизнестің цифрлық картасы мен Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері көрсетілді. Бірінші ақпараттық жүйе еңбек жағдайлары бойынша, оның ішінде жалақы деңгейі, еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер саны, өндірістік жарақаттану деңгейі және т. б. бойынша өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді. Екіншісі – қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтауға және қажет болған жағдайда жедел түрде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Министр сондай-ақ Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер мен халықты жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстырды. Бүгінгі күнде осы цифрлық платформаның көмегімен жұмыс берушілер өзіне қажетті кадрларды тапса, ал қазақстандықтар – жұмыс таба алады. Бұдан басқа, азаматтар жұмысынан айырылу бойынша төлемді ресімдеп, өз біліктілік деңгейін арттыра алады, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өте алады және өз ісін дамыту үшін гранттар мен микрокредиттер алуға өтінім бере алады. 

Кездесу соңында ЕХӘҚМ басшысы цифрлық технологияларды қолдану деректердің үлкен көлемін жүйелеуге, қажетті шешімдерді жедел қабылдауға, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын едәуір қысқартуға, адами факторды барынша азайтуға, сапа мониторингі мен бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Светлана Жақыпова Алматы облысының Қызыл Қайрат ауылында осы жылдың басында ашылған психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған «Ақ жол-М» оңалту орталығының жұмысымен танысады.

Сонымен қатар, Министр Алматы қаласында «Mugalim» қоғамдық бірлестігі ашқан 200 адамға арналған жаңа Студенттер үйіне және салынып жатқан NURORDA мектеп-лицейіне барады.

09 июля 2024
Жыл басынан бері 800-ден астам азаматқа Отбасының цифрлық картасы арқылы МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды

2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 807 азамат SMS-ке келісім беру арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем алу құқығын пайдаланды. Оның ішінде 775 адам жұмысынан айырылуы және 32 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды.

Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екенін жеткізіп отыратын «электрондық жаршы» қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта ОЦК әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдердің мынадай 3 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді: еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісімі жөнінде жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік төлемді тағайындау кейін алушының банктік шотына ақша қаражатын аудара отырып, автоматты режимде жүргізілетін болады.

Төлем алушының ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда, әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша қызметтерді проактивті форматта көрсетуге болады, оны egov.kz порталы арқылы жасауға болады.

2023 жылы ОЦК көмегімен 17 270 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

Жалпы, өткен жылы шамамен 1,3 млн қазақстандық МӘСҚ-тен 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды.

09 июля 2024
Отбасының цифрлық картасы арқылы жыл басынан бастап 132 мыңға жуық адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басынан бері 316,3 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 131,9 мың адам пайдаланды.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күнде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.

Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.

Социальные сети
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы