2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алған 50,9 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты.
Аталған кезеңде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгеге 78,1 мың отбасындағы 413,7 мың адамға АӘК берілді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 15,8 мың отбасы (20,3%), Шымкент қаласында – 8,8 мың отбасы (11,3%), Алматы облысында – 6,1 мың адам отбасы (7,8%), Қызылорда облысында – 6,4 мың отбасы (8,1%) болды.
АӘК алушылар ең аз өңірлердің ішінде Ұлытау облысы – 363 отбасы (0,5%), Атырау облысы – 840 отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облысы – 1,2 мың отбасы (1,5%).
АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесіне – 66,6% немесе 275,5 мың адам; жұмыс істейтін азаматтар – 17,8% немесе 59,8 мың адам; балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,2% немесе 50,3 мың адам; қалған 3,4% азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, оқуға жіберу және тағы басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу..
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны Нұргүл Дуанова мемлекеттік қолдау шаралары аясында оқудан өтіп, мамандық алып, табысты жұмысқа орналасты. Нәтижесінде Нұргүлдің сүйікті ісі табыс әкелетін жұмысқа айналды.
«Біздің үлкен отбасымыз 2020-2024 жылдар аралығында атаулы әлеуметтік көмек алушы болған еді. Содан кейін мен «кондитер» мамандығы бойынша кәсіптік оқыту курстарынан өттім. Оқуды аяқтағаннан кейін 2024 жылдың тамыз айында мен «Happy Cake» кондитерлік цехына жұмысқа тұрдым, онда осы күнге дейін жұмыс істеймін», – деді Нұргүл Дуанова.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайын тексеруді жүзеге асыратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру үшін мобильді қосымша енгізілді. Бұл шара әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтауға және оның материалдық жағдайын суретке түсіруге бағытталғанын айта кетейік.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 40 мың отбасындағы 214,3 мың адамға 8,1 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 сәуірде АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 65 мың балаға 1,1 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан төмен емес деңгейде айқындалған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев «Кәсіптік стандарттар жүйесін жетілдіру және әлеуметтік қызметкерлерді даярлау» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына ведомствоның Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) жетілдіру және Қазақстанды әлеуметтік қорғау жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін әзірленген құралдарды іс жүзінде қолдану жөніндегі жоспарларын ұсынды.
Іс-шараға Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, салалық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар қатысты.
Асқарбек Ертаев өз сөзінде біліктілікті танудың тиімді жүйесі мамандарды даярлау сапасын қолдау, еңбек мобильділігін арттыру және жұмыс берушілердің сенімін нығайту үшін қажет екенін айтты.
Мамандарды даярлаудың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында біліктілікті тұрақты тәуелсіз бағалау қажет. Кәсіптік біліктілікті тану үшін кәсіптер тізіліміне 513 кәсіп енгізілді, оның 377-сі ерікті негізде, ал 136-сы міндетті негізде танылады.
«Жұмысшы мамандықтар жылы аясында IT және әлеуметтік салада 3 салалық тану орталығы іске қосылды, сондай-ақ 2 халықаралық орталық ашу жоспарлануда. 10-нан астам өңірлік орталықтар құру, жұмыссыздар үшін ваучерлік жүйені дамыту және колледждер мен ЖОО түлектеріне тәуелсіз бағалау енгізу көзделіп отыр», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, кәсіптік стандарттарды әзірлеуден бастап біліктілікті тануға дейінгі толық циклды қамтитын бүкіл біліктілік жүйесінің ауқымды цифрлық трансформациясы жүргізілуде. ҰБЖ цифрландыру шеңберінде сервистердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи құралдар енгізілуде.
«Career Enbek цифрлық платформасы ҰБЖ-ның барлық негізгі құралдарын жинақтайды. Платформа азаматтарға, сарапшыларға, жұмыс берушілерге және мемлекеттік органдарға «бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімді ақпараттық орта мен оқыту ортасының функцияларын орындайды. Онда энергетика, ақпараттық технологиялар, туризм және әлеуметтік қорғауды қоса алғанда, негізгі салалар бойынша 7 тану орталығы аккредиттелген», – деді Асқарбек Ертаев.
Жасанды интеллект дағдыларды талдау және мансаптық траекторияларды құру үшін қолданылады, сарапшыларды тексеру модулі енгізіледі.
Келесі маңызды бағыт экономиканың басым секторларында және бірінші кезекте әлеуметтік қорғау саласында ҰБЖ құралдарын практикалық қолдану болып табылады, мұнда жаңа тәсілдер мен стандарттарды енгізу жағдайында кадрларды жаңарту мәселесі ерекше өткір тұр.
Бұл салада 40 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның ішінде 12,3 мың әлеуметтік қызметкер. Бұл ретте үштен бірінен астамын 51 жастан асқан қызметкерлер құрайды, бұл кадрларды жасарту және жаңа мамандар даярлау қажеттігін көрсетеді.
Электрондық еңбек биржасында 3,1 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, әсіресе әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қорғау қызметінің мамандары сұранысқа ие. 2030 жылға дейін кадрларға қажеттілік 15 мыңнан астам адамды құрайды.
«АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия және Австралия сияқты елдерде лицензиялау жүйесі жұмыс істейді, оқыту бакалавриат және магистратура деңгейінде жүргізіледі, міндетті кәсіптік стандарттар және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу енгізілген.
Біз үшін әлеуметтік қызметкер тек күтім және кеңес беру жөніндегі маман ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және осал топтардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі негізгі буын екенін түсіну өте маңызды.
Халықаралық тәжірибе растағандай, әлеуметтік көмектің сапасы мамандардың даярлық деңгейі мен олардың мәртебесіне тікелей байланысты», – деп атап өтті вице-министр.
Әлеуметтік қорғау саласындағы біліктілік талаптарын күшейту шеңберінде әлеуметтік жұмысты, арнаулы және әлеуметтік қызметтерді қоса алғанда, 38 кәсіп бойынша кәсіптік стандарттар қайта қаралды.
Келесі жаңа мамандықтар енгізілді: әлеуметтік көмекші, әлеуметтік қызметкердің ассистенті, кейс-менеджер, әлеуметтік жұмыс менеджері.
Өзектендірілген кәсіптік стандарттар мен құзыреттерге қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, Skills Enbek онлайн-платформасында біліктілігін арттырудан өткен әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін 12,3 мың маманнан тұратын тізілім қалыптастырылды.
Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін бағалау және тану бойынша жұмыс басталды және ол жүйелі түрде жалғасатын болады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 111 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, 26 553 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері. 2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 162,8 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 22,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 196,2 мың адамды құрады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 90,6 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 63 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5% - ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5% - ға артты.
Мәселен, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін – 55 474 теңгені құрайды.
1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 70 688 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 72 881 теңгені құрайды.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 851,4 мың отбасы жалпы сомасы 150,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 609,5 мың отбасы 131,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,9 мың адам 19,4 млрд теңгеге қамтылды.
2025 жылдың наурыз айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 857 мың отбасы жалпы сомасы 51,1 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 614,8 мың отбасы 44,6 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242,2 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 221,8млрд теңгеге 246,73 мың адам қамтылды.
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 15,6 млрд теңге сомаға 86,5 мың адам қамтылды, оның ішінде наурыз айында 4,5 млрд теңге сомаға 24,6 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 10,8 млрд теңге сомасына орта есеппен 123 мың адам қамтылды, оның ішінде наурыз айында 3,6 млрд теңге сомасына 123 мың адам алды.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.
Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.
Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 85,1 млрд теңгеге 60 мың адам алды, оның ішінде наурыз айында 24 млрд теңге сомасына 18,1 мың адам алды. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері үш айда 1 668 261 теңгені құрады.
Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.
2025 жылдың 3 айында бұл төлем 110,3 млрд теңгеге 63,7 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде наурыз айында 36,2 млрд теңге сомасына 18,8 мың алушыға төлем тағайындалды. 3 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 92 522 теңгені құрады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 4,9 млн жұмыскердің пайдасына 329,1 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы - 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% - ға дейін жеткізіледі.
Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.
ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалды.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 465 мың адам.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен және халықпен кездесулер өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы хабарлап, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдерді көрсетті.
Жергілікті халықпен кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудандық бөлімдердің басшылары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар және өңірдің өзге де белсенді тұрғындары қатысты. Кездесуге 60-тан астам адам қатысты.
Кездесуде Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі жұмысының негізгі бағыттары және түрлі санаттағы азаматтарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда. 2025 жылы оның ең төменгі мөлшері 70% - ға дейін, ал ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110% - на дейін көтерілді. Сондай-ақ, 2023 жылы ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс мөлшері ең төменгі есептік көрсеткіштің 46-дан 55-ке дейін көтерілді.
Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2024 жылы бюджеттен 3 трлн 752 млрд теңге бағытталды, Қарағанды облысында зейнетақы төлемдерінің көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрады.
Осы жылдың басынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайын индекстеу жүргізілді. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны ескере отырып, 187,7 мың теңгені құрады.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында бюджеттен бөлінетін бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны 2,6 млрд теңгеге 15,9 мың адам алды, жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы 1,5 млрд теңгеге 4,7 мың адамға төленді, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақыны 4,2 млрд теңгеге 4,9 мың адам алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді 13,3 млрд теңге сомасына 10 мыңнан астам, бала күтіміне байланысты төлемдерді 16,6 млрд теңге сомасына 30 мыңға жуық адам алды.
Өңірде 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 16,5 мың көпбалалы отбасы бар. 2024 жылы оларға 13 млрд 158 млн теңге төленді. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе «Батыр Ана» атағы бар көпбалалы аналар үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көзделген. Қарағанды облысында бұл төлемді 7,6 мың ана алады, оның көлемі 2 млрд 315 млн теңгені құрады», – деді министр.
2024 жылы өңірде атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушылар саны 6,6 мың адам немесе 1,4 мың отбасы болды. 2023 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 31% - ға азайды.
АӘК алатын балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту үшін 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға қосымша төлем көзделген. Қарағанды облысы бойынша өткен жылы аталған төлемді мыңнан астам отбасындағы 2 мың бала 78 млн теңгеге алды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік көмек пен қолдау жүйесін қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты АӘК-ті трансформациялау қарастырылуда. Көмек үміткердің кірістері мен шығыстарын ескере отырып тағайындалады. Бұл мемлекеттің қолдауына мұқтаж әлеуетті алушыларды анықтауға, бюджет қаражатының атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.
Ол өз сөзінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Бүгінде 737 мыңнан астам қазақстандықтың (халықтың 3,6%) мүгедектігі бар. Қарағанды облысында 56 мыңнан астам адамда мүгедектік белгіленген, оның 60%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 32 %-ы зейнет жасындағы адамдар, 9%-ы 18 жасқа дейінгі балалар.
«Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын, оған Факультативтік хаттаманы ратификациялау және Марракеш шарты шеңберінде міндеттемелер қабылдады.
2025 - 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру басталды, оның шеңберінде мүгедектікті танудың дәстүрлі және медициналық модельдерінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылатын болады», – деп хабарлады Еңбек министрлігінің басшысы.
2024 жылы Қарағанды облысы бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алу бойынша 35,3 мың іс-шара іске асырылды.
Порталдың жұмысына жиі шағымдардың болуына байланысты онда жаңарту жүргізілді. Жыл басынан бері жосықсыз жеткізушілердің 3400 өтінімі алынып тасталды, 5 мыңнан астам қайталанатын карточкалар жойылды, соның ішінде түрлі жалған акциялар өткізіп, сыйақылармен жарнама жасағандар бар.
Жеткізушілердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді, атап айтқанда 3 күн ішінде өнімді беру немесе тауарларды жеткізу туралы мәліметтер болмаған кезде тапсырыс жойылады.
Сондай-ақ Тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу үшін ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайтадан қаралуда
Министр осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1 055 объект бейімделгенін атап өтті. Алайда, қол жетімділік мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінде тұр және жергілікті атқарушы органдар оның нақты орындалуын қамтамасыз етуі керек.
«2024 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін (бұдан әрі – АӘҚ) трансформациялау басталды. Орталықтардың қызметін цифрландыру барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ беру сапасын арттыру үшін осы қызметті лицензиялау енгізілді. Қарағанды облысында бұл рәсімнен барлық орталықтар өтіп, 33 лицензия берілді.
Сондай-ақ, осы жылдың басынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізіледі, онда әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемі әрбір көрсетілетін қызметті алушының дербестендірілген қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады. Жаңа шараларды енгізу халыққа АӘҚ көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Светлана Жақыпова.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шеңберінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 49,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік оқытумен 3,3 мың адам қамтылды, кәсіпкерлік негіздеріне тағы 2 мың адам оқытылды. АӘК алушылар, мүгедектігі бар немесе мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар, көпбалалы отбасылар қатарынан өңірдің 178 тұрғыны өз ісін дамыту үшін өтеусіз гранттар алды.
Биыл Қарағанды облысында 1 млн 572 мың теңге көлемінде 230 грант беру жоспарлануда.
Сөз соңында министр қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Ол іске асырылып жатқан шаралар кешеніне және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге ықпал ететін еңбекті қорғаудың заманауи стандарттарын енгізуге қарамастан, бүгінгі күні зиянды еңбек жағдайларын толығымен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында еңбек жағдайы зиянды жұмыста 80 мың жұмыскер еңбек еткен. Зиянды еңбек жағдайларын өтеуге 29,4 млрд теңге бағытталды. Бұл дегеніміз ақшалай төлемдер, тегін сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тамақтану және жұмыс күнінің қысқаруы.
Президенттің тапсырмасы бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 2024 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысында төлем тағайындауға 2 454 адам, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 234 адам жүгінді.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды одан әрі арттыру мақсатында Министрлік АӘТ алушылар санатын кеңейту мәселесін қарайтын болады», – деді Светлана Жақыпова.
Халықпен кездесу барысында министр қарағандылық тұрғындарды толғандырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Кездесуден соң Светлана Жақыпова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сапар барысында Еңбекминінің басшысы №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты, онда тәулік бойы күтімге мұқтаж жалғызілікті қарттарға және бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық 151 төсек-орынға есептелген және стационар жағдайында көмек көрсетеді.
Сонымен бірге министр Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде болып, онда Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде білікті кадрларды даярлаумен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында өңірдің төрт тұрғынының атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, жәрдемақы тағайындауға, жұмысқа орналасуға және т.б. қатысты өтініштері қаралды.
Жұмыс сапарының соңында Светлана Жақыпованың облыс активімен кездесуі болды, оның барысында әлеуметтік-еңбек саласында іске асырылған цифрлық шешімдер көрсетілді. Олардың қатарында Отбасының цифрлық картасының және Кәсіпорындардың цифрлық картасының мүмкіндіктері, Жобалардың инновациялық навигаторы және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған басқа да құралдар бар. Кездесу қорытындысы бойынша министр жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмысын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар берді.