Меню
Страницы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық іс-шаралар
22 января 2025
С. Жақыпова Өзбекстан Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры М. Оллоеровпен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Өзбекстан президентінің кеңесшісі – Президент жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансұрбек Оллоеровпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесудің басында Светлана Жақыпова Мансұрбек Оллоеровқа осындай жүздесу үшін алғыс білдіре отырып, Министрлік жүзеге асырып жатқан негізгі шаралармен таныстырды.

Атап айтқанда ЕХӘҚМ басшысы 2023 жылы қабылданған азаматтардың туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын бекітетін Әлеуметтік кодекс туралы хабардар етті. Оның басты жаңашылдықтарының бірі – Отбасының цифрлық картасын енгізу. Ол азаматтарды мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы хабардар ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын тиімді жоспарлау үшін деректерді талдауға мүмкіндік беретін интеграцияланған платформаны ұсынады.

«Отбасының цифрлық картасы қазақстандық отбасыларды қолдауға және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдарға әлеуметтік дамудың болжамдары мен бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі, бұл әлеуметтік саясаттың міндеттері мен бағыттарын жоспарлауды жақсартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы туралы айтты, оның шеңберінде мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу көзделуде. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері ұсынылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізуге және әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыруға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Мансұрбек Оллоеров Қазақстанның әлеуметтік саладағы жұмысын жоғары бағалап, енгізілген жобалардың табысты болғанын атап өтті. Ол осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіріп, бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол қазақстандық делегацияны ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылау үшін Өзбекстанға шақырды.

Кездесу соңында ЕХӘҚМ басшысы аталған бастамаларды қолдап, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Светлана Жақыпова Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және барлық қызығушылық тудырған жобалар бойынша жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.

22 января 2025
2024 жылы көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 546 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

22 января 2025
2024 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 895 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

2024 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 895,3 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 648,8 мың адам қамтылды.

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2024 жылы республикалық бюджеттен барлығы 64 млрд теңге сомаға 378,1 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 41,6 млрд теңге сомасына 126,3 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.

Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді 2024 жылы жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге 245,7 мың адам алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 86 758 теңгені құрады. 404,1 млрд теңге сомасына төлем берілді, бұл 2023 жылы төленген сомадан 1,4 есе көп.

21 января 2025
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 3 адамның мәселелерін қарады.

Министрге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөнінде сұрақтарын жеткізді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

21 января 2025
2024 жылы қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 693 млрд-тан астам теңге төленді

2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 552,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,9 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5 %-ға артты.

Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін –  101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін 55 474 теңгені құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 60 407 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңгені құрайды.

20 января 2025
2024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 451 мың адам.

2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

17 января 2025
2024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 322 адам өтініш білдірген.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 205 адам жүгінді, оның ішінде 3 093 адамға тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 11 117 адам өтініш білдіріп, оның 10 475-іне тағайындалған.

Сондай-ақ, 230 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 490 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 547 адам, 4 көзден – 1 878 адам), Қостанай (2 көзден – 343 адам, ал 4 көзден – 1 146 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 288 адам, ал 4 көзден – 1 162 адам) облыстарында тіркелген.

Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.

БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алды, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.

17 января 2025
2024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылдың қорытындысы бойынша 78,1 мың отбасындағы 413,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 39,5 млрд теңге бөлінді.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 129,5 мың балаға 5,4 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есептеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалған

Кедейлік шегін анықтауда медиандық кірісті енгізу атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап өту маңызды. Сонымен қатар, АӘК алушылар саны 755 отбасына немесе 3,8 мыңнан астам адамға өсуі мүмкін деп болжануда.

Сонымен қатар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Қаражат қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы келісімді алғаннан кейін ғана жиынтық түрде жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.

16 января 2025
2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 188,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 33,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 110 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 420 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 57,7 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 52,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 37,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 214,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.

15 января 2025
ЕХӘҚМ Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыруға кірісті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасында 2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыруға кірісті. Құжатқа жақында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Тұжырымдаманы әзірлеу халықаралық тәжірибені, БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын және жұртшылықтың ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Оған қоғам қайраткерлері мен белсенділер арасынан түрлі сарапшылар жұмысқа тартылды. Мүгедектігі бар азаматтардың мүддесін қорғайтын ҮЕҰ қатысуымен бірқатар дөңгелек үстелдер өткізіліп, репрезентативті сауалнама жүргізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұсыныстар топтастырылды.

Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.

Негізгі тұжырымдамалық жаңалық мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік модельінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдайлар жасау болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 20 орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП құзыретіне кіретін 52 іс-шараны қамтиды. Жалпы алғанда 13 бағыт бойынша жұмыс көзделеді: теңдік және кемсітпеушілік, құқықтық қорғалу және сот төрелігіне қол жеткізу, жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау, инклюзивті еңбек нарығы мен өндірістік орта, инклюзивті білім беру, қоғамдық-саяси өмірге тарту, кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі, мәдени өмір, бос уақыт пен спорт және т. б.

Тұжырымдаманы іске асыру келесілерге ықпал етеді: ұлттық заңнаманы жетілдіру; еңбек нарығының инклюзивтілік деңгейін және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру; инклюзивті білім беруді дамыту; мүгедектігі бар азаматтарды саяси және қоғамдық өмірге тарту; кедергісіз орта құру; төтенше жағдайларда жүріп тұруы шектеулі адамдар мен мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін және қажетті көмекті қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеу және т.б.

Социальные сети
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы