Меню
Страницы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді

2026 жылғы 24 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алқасының 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығару және 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындауға арналған кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыс барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратұлы есепті кезеңдегі Министрлік қызметінің негізгі нәтижелері және алдағы жұмыстың басым бағыттары туралы баяндама жасайды.

Іс-шара аясында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін цифрлық шешімдерді дамыту, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған Министрліктің негізгі бағдарлары мен міндеттері айқындалады.

Социальные медиа
Facebook
Youtube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты