Меню

Страницы

Статья

Этникалық көші-қон

Жедел деректер бойынша 2020 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша 2 504 отбасы немесе 4 921 этникалық қазақ (1991 жылдан бастап – 315,8 мың отбасы немесе 1 062,2 мың адам) тарихи отанына оралды және оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың көпшілігі ҚХР – 63% (1 375 отбасы немесе 3 101 адам), Өзбекстан Республикасынан – 23% (745 отбасы немесе 1 146 адам), Түрікменстаннан  – 7% (184 отбасы немесе 331 адам), Моңғолиядан – 4%
(93 отбасы немесе 189 адам), РФ – 1% (26 отбасы немесе 35 адам) және 2%
(81 отбасы немесе 119 адам) келді.

Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 56% (1291 отбасы немесе 2 761 адам), Маңғыстау  облыстарына – 10% (302 отбасы немесе 503 адам) және Алматы – 6% (135 отбасы немесе 273 адам), Нұр-Сұлтан қалаларына – 5% (151 отбасы немесе 239 адам) қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар – 61% (3 020 адам), еңбекке қабілетті жас – 34% (1650 адам) және зейнеткерлер – 5% (251 адам).

Оралмандардың ішінен білім деңгейі бойынша 6% (284 адам) жоғары білімі бар, 10% (480 адам) арнаулы орта білімі бар, 68% (3 354 адам) жалпы орта білімі бар, 16% (803 адам) білімі жоқ.

«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 967 қаулысына сәйкес оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары 1 378 адам мөлшерінде белгіленген (Ақмола облысы бойынша – 258 адам, ШҚО – 150 адам, Қостанай – 350 адам, Павлодар – 500 адам, СҚО – 120 адам).

2020 жылдың 1 ақпанына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 88 отбасы немесе 347 адам енгізілген (Ақмола облысы бойынша – 24 отбасы немесе 59 адам, ШҚО – 6 отбасы немесе 18 адам, Қостанай облысы бойынша – 21 отбасы немесе 83 адам, Павлодар облысы бойынша – 37 отбасы немесе 187 адам, СҚО – 0).

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді:

- көшуге – әр отбасы мүшесіне 35 АЕК (92,8 мың теңге) бойынша біржолғы төлем.

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, олар ай сайын 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39,8-ден 79,5 мың теңгеге дейін) отбасына төленеді.

Дата публикации
19 марта 2020
Дата обновления
19 марта 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
07 марта 2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының өкілімен кездесу өткізіп, үшжақты семинарға қатысты
07 марта 2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банк мамандарымен кездесуді өткізді

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты