Әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы
2024 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-еңбек саласында
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта – 44 түрі («электрондық үкімет» порталы, «электрондық еңбек биржасы» платформасы, «eGov mobile» және ЕДБ мобильді қосымшалары, проактивті), олардың 28-і проактивті және 3-і қағаз түрінде көрсетіледі.
Анықтама ретінде: 2024 жылы мемлекеттік қызметтер тізіліміне әлеуметтік-еңбек саласындағы 5 жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді (оның ішінде 4 қызмет бұрын «жасырын» қызмет болған):
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу арналарын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік-еңбек саласының цифрлық қызметтері «электрондық үкімет» порталында, «Электрондық еңбек биржасы» платформасында, екінші деңгейлі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ проактивті форматта қолжетімді.
2024 жылы «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі проактивті форматқа көшірілді. Сондай-ақ «электрондық үкімет» порталында «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды (адамдардың 6 санаты бойынша).
Сонымен қатар, ЕДБ мобильді қосымшасы арқылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі алғаш рет іске асырылды. Бұдан басқа, «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтерін өзге де банктердің мобильді қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласының 10 қызметі ЕДБ мобильді қосымшаларында іске асырылған.
Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтумен байланысты қызметтер («Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау») «электрондық еңбек биржасы» платформасында іске асырылған (enbek.kz).
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бағыттарының бірі – шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастау және қызмет көрсету мерзімін қысқарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжиниринг шеңберінде өткен жылдан бастап проактивті қызмет көрсету кезінде
4 мемлекеттік қызмет («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметті жәрдемақы тағайындау», «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау», «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға бөлігінде) автоматтандырылды, яғни жәрдемақылар адамның қатысуынсыз автоматты түрде ақпараттық жүйемен тағайындалады.
Егер бұрын жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау үрдісінде 7 адам қатысқан және мерзім бойынша 8 жұмыс күні қаралған болса, бүгінгі күні бұл жұмысты ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде орындайды.
Сондай-ақ, 9 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің өтінішті қарау бөлігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жеңілдетілді, бұл қызмет көрсету мерзімін 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Қол қоюшыларды қысқарту және кейбір қызметкерлерді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін көрсету үдерісінен шығару жөніндегі бұл жоба 2024 жылы 2 млрд.теңгеден астам қаржыны (ҚҚС-сыз) үнемдеуге мүмкіндік берді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 25,4 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде
22,6 млн. немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 89%-ы электрондық түрде (оның ішінде 1,5 млн. проактивті көрсетілген),
2,8 млн. немесе 11% қағаз жүзінде көрсетілген.