«Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша жиі қойылатын сұрақтар»
Жауап:
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.
Осылайша, салық агенттері/тапсырыс берушілер әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасын АҚС шарты бойынша орындаушының/жеке тұлғаның табысынан ұстайды.
Жауап:
ҚР Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару салық агентінің (ӘА төлеушінің) міндеті болып табылады.
Осылайша, төлеуші АҚС шарттары бойынша міндеттемені өз қаражаты есебінен орындай алмайды.
Жауап:
Мысал 1.
АҚС шарты бойынша алынатын табыс – 85 000 тенге;
01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;
ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;
ӘА төленетін ең төменгі табыс – 85 000 тенге;
4 250 теңге (85 000 теңге * 5%) мөлшерінде төлеуге.
АҚС шарты бойынша алынатын табыс – 595 000 тенге;
01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;
ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;
ӘА төлеуге = (595 000 теңге – 59 500 теңге) * 5% = 26 775 теңге.
Мысал 2.
АҚС шарты бойынша алынатын табыс – 70 000 тенге;
01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;
ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;
ӘА төленетін ең төменгі табыс – 85 000 тенге;
4 250 теңге (85 000 теңге * 5%) мөлшерінде төлеуге.
АҚС шарты бойынша алынатын табыс – 1 000 000 тенге;
01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;
ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;
ӘА төленетін ең жоғары табыс – 595 000 тенге (7 * 85 000 тенге);
СО к уплате в размере 29 750 тенге (595 000 тенге * 5%).
ӘА төлеуге (595 000 тенге * 5%) мөлшерінде төлеуге.
Жауап:
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды және олар бойынша өндіріп алуларды есептеу және төлеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 16-1-тармағына сәйкес, төлеушілер табыс алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей салық агенттерімен жасалған АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін ӘА есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жүзеге асырады.
Әлеуметтік аударымдарды аудару үшін деректемелер:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
БСН: 160440007161
Бенефициар Банкінің БСК: GCVPKZ2A
Бенефициардың ЖСК: KZ67009SS00368609110
КБе – 11 (екі таңбадан тұратын бенефициар коды: 1-резиденттік белгісі 1-экономика секторы (мемлекеттік басқару органдары)
КНП 012 – әлеуметтік аударымдар
КНП 017 – Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
Төлемнің мақсаты: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ға _________ үшін әлеуметтік аударымдар (әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып).
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап, егер төлеуші АҚС шарты бойынша табыс алатын жеке тұлға үшін артық (қате) төленген өсімпұлды және (немесе) өсімпұлды қайтаруды жүргізген жағдайда, онда өтінішке осындай жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі қоса берілуі қажет.
Электрондық үкімет порталында төлеуші сұрау салуды АҚС шарты бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның жеке кабинетіне жіберу жолымен алынған келісімді бекітеді.
Егер АҚС шарты бойынша кіріс алатын жеке тұлға порталда өзінің жеке кабинетіне келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өз келісімін бермесе, онда портал қайтару жөніндегі мемлекеттік қызметті аяқтайды.
Жауап:
Қызметкермен жасалған еңбек шартының шарттардың басқа түрлерінен айрықша белгілері онда мынадай талаптардың біреуінің болуы болып табылады:
1) қызметкердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) орындауы;
2) еңбек тәртібіне бағынумен міндеттемелерді жеке өзі орындау;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.
Тиісінше, жұмыс беруші мен қызметкер арасында жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге АҚС шарты жасалмайды.
Жауап:
Орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін АҚС шарттары бойынша түпкілікті есеп жұмыс нәтижесі тапсырылғаннан немесе қызмет көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар немесе қызметтер көрсету актісі жұмыстардың нәтижесін қабылдау фактісін растау болып табылады.
Осылайша, табыс алу кезеңі орындалған жұмыстар немесе қызметтер көрсету актісіне қол қойылған күнге сәйкес келетін ай болып табылады.
Салық агенттері өздерімен жасалған АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін ӘА есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, яғни орындалған жұмыстар немесе қызметтер көрсету актісі бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін жүзеге асырады.
Жауап:
ҚР Әлеуметтік Кодексінің 243-бабына сәйкес әлеуметтік сақтандыру қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында көзделген зейнеткерлік жасқа толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас) міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.