«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №42-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қабылдануы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінің реттік нөмірі 32-жолын алып тастау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №42-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі жобасы әзірленді.

Аталған өзгеріс «Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығының кіріспесінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің заңды күшінің жойылуына және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аталған бұйрыққа өзгеріс енгізу бойынша құзыретінің болмауына байланысты енгізілуде.

Дата публикации
24 декабря 2024