Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің «Мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрық жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 7-тармағында анықталған тапсырманы іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің «Мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрық жобасы әзірленді.

Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш беру және өтініш беру қажеттілігін болдырмауға, кезекте күту уақытын үнемдеуге, қағаз құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
11 июля 2024