«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы ахуалды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаның өлшемшарттары
Бағдарламаның атауы |
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, |
Бағдарламаның мақсаты |
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
Бағдарламаның міндеттері |
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 3-міндет. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау. 4-міндет. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау. 5-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойыншп кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту. 7-міндет. Қалаларда және ауылдарда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру. 8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлкеттік гранттар беру. 9-міндет. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту. |
Іске асыру мерзімдері |
2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады; 2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі – 20 %-дан аспайды; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 10 %-дан аспайды; |
Қаржыландыру көздері және көлемі |
1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат: 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге; 2018 жылы – 67 392 995 мың теңге; 2019 жылы – 78 438 152 мың теңге; 2020 жылы – 86 177 355 мың теңге; 2021 жылы – 92 124 387 мың теңге. 2) жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат: 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге; 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге; 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге. |
2. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.
Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және күнкөрісі төмен тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталары») логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтыды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.
Осыған байланысты «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.
2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2007 жылмен салыстырғанда жұмыс күші санының 9,7 %-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің де саны 1,7 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 155 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 558 мың адамға төмендеді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖК 2020) жұмыс істеген уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,1 %-дан 2016 жылы 5 %-ға және 2017 жылы 4,9 %-ға дейін төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 4,2%-дан 2016 және 2017 жылдары 3,8 %-ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда.
1) Еңбек ресурстарының сапасы еңбек нарығындағы қажеттілікке толық шамада сәйкес келмейді.
Соңғы 3 жыл ішінде кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі өсті. Егер 2015 – 2017 жылдары жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 38 %-ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 2015 жылғы 38 %-дан 2016 жылы 41 %-ға дейін, 2017 жылы 42 %-ға дейін өскен.
Бұл ретте 2015 жылғы 24%-дан 2016 жылы 22,6 %-ға дейін төмендеуіне қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары болып отыр.
Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары түлектерінің қозғалыс серпіні жылына орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді.
Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен, жыл сайын жұмыс берушілер тапсырыс берген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды.
Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73 %-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға және жұмысшы біліктіліктерге келетінін көрсетті.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет.
2) Нәтижесіз жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі сақталуда.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (жұмыспен қамтылған халықтың 28,2 %) 2017 жылы 2,1 млн. адамға (24,5 %) дейін қысқарды. Өз қызметін тіркемей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 66 %-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылы 301,2 мың адамға дейін және 2017 жылы 317,7 адамға дейін қысқарды.
2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығында шоғырланған (58 %), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен деңгейі байқалады (адам басына 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.
Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қол жетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1%-нда тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі ғана бар.
Нәтижесін жұмыспен қамтылған халықты өндіруші экономикалық қызметке тарту экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал ететін болады.
3) Еңбек ресурстарының өңірлік теңгерімсіздігі орын алған.
2015 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 946 мың адамды құраса, 2017 жылы – 2 934 мың адамды құраған, яғни 12 мың адамға қысқарған. Сол кезде оңтүстік өңірлерде халықтың саны 186 мың адамға - 2015 жылғы 6 564 мың адамнан 2017 жылы 6 750 мың адамға дейін өскен. Бұл ретте 2017 жылы солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі орташа есеппен 19 %-ды, ал оңтүстік өңірлерде орташа есеппен 34 %-дын құрайды.
Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Бұл ретте ағымдағы үрдістер сақталғанда солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі. Оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.
Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.
4) Жеке сектор жаңа, тұрақты, өндіруші жұмыс орындарын жеткілікті түрде құрмайды.
Жұмыспен қамтуда мемлекеттік сектордың (мемлекеттік меншік үлесі 50 %-дан артық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың) үлесі 2015 – 2017 жылдары жұмыспен қамтылған халықтың орташа есеппен 25,4 %-ды құрады. Аталған көрсеткіш ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, мұнда халықты жұмыспен қамту құрылымындағы мемлекеттік сектор үлесінің орташа мәні 18 %-ды құрайды.
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтамасыз етуде ШОБ-тың үлесі жеткіліксіз. ЭЫДҰ-да шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен айналысатындардың орташа үлесі 64 %-ды құрайды, бұл Қазақстандағы деңгейден 1,4 есеге артық (45 %).
Осылайша, жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру қажет. Дамыған елдердің озық тәжірибелері микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ете отырып кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын арттырады.
Әлемдік тәжірибеде еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
Технологиялық жаңғыру бірқатар дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарына сұраныстың төмендеуімен және жаңа салаларда сұрастың өсуімен байланысты еңбек нарығындағы едәуір өзгерістерге алып келеді.
Цифрлы экономиканың талаптарын ескере отырып, жұмыс күшінің дағдылары мен біліктіліктеріне жаңа талаптар қойылатын болады. Экономиканы заманауи және сапалы ұсыныспен қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие кадрлар мен барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыруға арналған барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін олардың қайта даярлау, біліктілік арттыру бағдарламаларына қолжетімділіктерін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, еңбек ресурстарын экономиканың жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу қажет.
Жаңа экономиканы өнімділіктің артуына, технологиялық жаңаруға және кәсіпорындар мен салалардың цифрлануына ықпал ететін кадрлармен қамтамасыз ету еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрлардың келуі есебінен, сондай-ақ жұмыс істейтін жұмыскерлерді оқыту арқылы жүзеге асады.
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:
1) Жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады;
2) Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі – 20 %-дан аспайды;
3) Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 10 %-дан аспайды;
4) Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды.
Р/с № |
Нысаналы индикаторлар: |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
4 |
3 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Жұмыссыздық деңгейі |
% |
Статистикалық деректер |
4,9 |
4,9 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
Еңбекмині, ЖАО |
2 |
Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі |
% |
Статистикалық деректер |
25 |
24 |
23 |
22 |
20 |
БҒМ, ЖАО |
3 |
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі |
% |
Статистикалық деректер |
15 |
13,4 |
13,0 |
12,6 |
12,4 |
Еңбекмині, ЖАО |
4 |
Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі |
% |
Статистикалық деректер |
3 |
5 |
7 |
9 |
10 |
ҰЭМ, ЖАО |
4.3 Міндеттер
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;
4) Еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлау.
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
1-кесте. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қарай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с№ |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
21,3 |
37,2 |
53,2 |
53,3 |
50,9 |
БҒМ, ЖАО |
2 |
Бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алған, оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
- |
- |
- |
60 |
60 |
БҒМ, ЖАО |
2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу
2-кесте. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу, оның ішінде 4.0. Индустрия үшін еңбек ресурстарын қайта даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с№ |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылған азаматтардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
26 |
36 |
46 |
50 |
56 |
Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО |
2 |
Бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алған, оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
55 |
57 |
60 |
65 |
70 |
Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО |
3-міндет. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау
3-кесте. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде кадрлар даярлау нәтижелерінің көрсеткіштері
Р/с№ |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Техникалық және кәсіптік білімі бар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша бөлінген гранттардың саны |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
720 |
715 |
740 |
- |
- |
БҒМ, ЖАО |
2 |
Жоғары білімі бар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша бөлінген гранттардың саны |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
3769 |
5089 |
5090 |
5099 |
- |
БҒМ, ЖАО |
4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елдік мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
1-міндет. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
4-кесте. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
15 |
28,2 |
15 |
15 |
15 |
ҰКП (келісім бойынша), ЖАО |
2 |
Бизнестерін ашқан және кеңейткен қатысушылардың үлесі, оның ішінде өткен жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен қатысушылардың есебінен |
% |
ЖАО-лар есептері |
20 |
20 |
20 |
20 |
20 |
АШМ, ҰЭМ, ЖАО |
2-міндет. Ауылдық елдік мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
5-кесте. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері.
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпа-рат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындау-ға жауапты-лар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, оның ішінде зәкірлік кооперацияны дамыту үшін берілген кредиттердің/ микрокредиттердің көлем |
млн. теңге |
ЖАО-лар есептері |
24 114 |
44 759 |
44 759 |
44 759 |
44 759 |
АШМ, ЖАО, «ҚазАгроКепіл» АҚ (келісім бойынша) |
2 |
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
6 791 |
11000 |
8 500 |
8 500 |
8 500 |
АШМ, ЖАО |
3 |
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген кепілдіктердің саны, кемінде |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
252 |
290 |
320 |
346 |
373 |
АШМ, ЖАО, «ҚазАгроКепіл» АҚ (келісім бойынша) |
4 |
Ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде |
% |
ЖАО-лар есептері |
20 |
20 |
20 |
20 |
20 |
АШМ, ЖАО |
6-кесте. Қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш.бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Қалаларда және моноқалаларда берілген кредиттердің/ |
млн. теңге |
ЖАО-лар есептері |
3 000 |
9 311 |
9 311 |
9 311 |
9 311 |
ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДП» АҚ (келісім бойынша) |
2 |
Қалаларда және моноқалаларда берілген кредиттер/ микрокредиттер саны |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
188 |
887 |
887 |
887 |
887 |
ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДП» АҚ (келісім бойынша) |
3 |
Қалаларда және моноқалаларда қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі, кемінде |
% |
ЖАО-лар есептері |
20% |
20% |
20% |
20% |
20% |
ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДП» АҚ (келісім бойынша) |
4 |
Қалаларда және моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны |
бірлік |
ЖАО-лар есептері |
500 |
500 |
750 |
750 |
750 |
ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДП» АҚ (келісім бойынша) |
4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
1-міндет. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
7-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
90 |
90 |
90 |
90 |
90 |
Еңбекмині, ЖАО |
2 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
65 |
67 |
70 |
72 |
75 |
Еңбекмині, ЖАО |
3 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан Бағдарламаға қатысу шылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
45 |
45 |
45 |
46 |
48 |
Еңбекмині, ЖАО |
4 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
60 |
65 |
68 |
70 |
75 |
Еңбекмині, ЖАО |
5 |
Жастар практикасына қатысушылардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
19,4 |
15,1 |
15,5 |
15,8 |
16,1 |
Еңбекмині, ЖАО |
6 |
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
18,2 |
12,1 |
12,2 |
12,5 |
12,7 |
Еңбекмині, ЖАО |
7 |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
|
3,6 |
4,1 |
4,2 |
4,2 |
Еңбекмині, ЖАО |
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
8-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылардың саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
3,3 |
9,1 |
9,6 |
9,8 |
10,0 |
Еңбекмині, ЖАО |
2 |
Еңбек етуге қабілетті оралмандар мен қоныс аударушылардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
90 |
92 |
94 |
95 |
96 |
Еңбекмині, ЖАО |
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңның жұмыс істеуі.
9-кесте. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңның жұмыс істеуі жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № |
Көрсеткіш атауы |
Өлш. бірлігі |
Ақпарат көзі |
Іске асыру жылдары |
Орындауға жауаптылар |
||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі |
% |
ЖАО-лар есептері |
43 |
45 |
50 |
55 |
59 |
Еңбекмині, «ЕРДО» АҚ |
2 |
Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
50 |
270 |
277 |
284 |
291 |
Еңбекмині, «ЕРДО» АҚ |
3 |
Тіркелген жұмыс берушілердің саны |
мың адам |
ЖАО-лар есептері |
11 |
70 |
76 |
82 |
88 |
Еңбекмині, «ЕРДО» АҚ |
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
5.1 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3) Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;
4 еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлау.
Техникалық және кәсіптік білімді кадрларды даярлау мәселелрі жөніндегі Бағдарламаның бірінші бағытының және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, қысқа мерзімді кәсіптік оқу және еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан 9-11-сыныптарды бітірушілер, кәсіби білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаға қатысу шарттары, ТжКБ бар кадрларды даярлау және қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тетігі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.
Мамандықтар мен кәсіптер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен («ЕРДО» АҚ) және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (ӨКП) бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдауды және болжамын есепке ала отырып айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру біліктіліктері мен мамандықтарының сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша біліктіліктер және мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады
Оқу орындары мыналары:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.
Оқу орындары және мамандықтар бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындалатын облыс бойынша оқитындар контингентінің жылдық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді топтар құрылады.
Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары ай сайынғы негізде қабылданған оқушылар жөнінде ақпаратты (Т.А.Ә., ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және сонда көрсетілген талаптар бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.
5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша кәсіптік оқу
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, қысқартылатын жұмыскерлер болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы біліктіліктің (мамандықтың) ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келіскен оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильдік оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқудан мобильдік оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға арналған (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушыға халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастыратын топтарда немесе білім беру ваучері негізінде білім беру курстарының ұйымдарын немесе оқу тобын өз бетінше таңдау жолымен оқудан өту мүмкіндігі беріледі.
Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары және біліктіліктер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.
Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдерінің, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдау мен болжам жасаудың негізінде айқындалады.
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
1) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып қысқа мерзімді кәсіптік оқу өткізу бойынша кемінде бір жылдық тәжірибесі болған;
2) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (Тізбеге қосуға өтінім беру кезінде) кемінде 70 %-ды құраған;
3) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдаланған;
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылар болған;
5) заманауи материалдық-техникалық база болған;
6) өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және жұмыс берушілермен келісілген қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалар болған кезде Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізбесіне енгізіледі.
2019 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді.
Оқу орталықтары мен оқу орындарының бекітілген тізілімі, сондай-ақ, олар кәсіптер мен дағдылар бөлінісінде ұсынған оқу бағдарламаларының тізбесі Электрондық еңбек биржасында еркін орналастырылады және үнемі жаңартылып отырылады.
Тізілімге енген оқу орталықтары мен оқу орындары халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетуге құқығы бар.
Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді. Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін міндетті шарты болып табылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталған соң халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға Заңға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде тұруға арналған материалдық көмек төленбейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;
2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Материалдық көмек білім беру ұйымы сабаққа келу туралы берген анықтаманың негізінде шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа мерзімді кәсіптік оқу барысы туралы есепті ұсынады.
Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде тартылған тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
5.1.3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау
Жұмыс күші артық 5 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу бөлімі бойынша жүзеге асырылады. Жобаға қатысушылар оқуына ақы төлеумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу бөлімі бойынша жүзеге асырылады.
Жобаға қатысушылар оқуына ақы төлеумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жолақысымен және қамтамасыз ету тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кейін өңірде жұмысқа орналастыру қажеттілігін ескере отырып қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялау конкурстық негізде жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.
Жоба шеңберінде мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары бойынша гранттарды бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Мамандықтардың, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша оқу орындарының тізбесін және мемлекеттік білім беру гранттарын қалыптастыруды және бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мамандықтар тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (ӨКП) және «ЕРДО» АҚ-мен бірлесіп өткізетін өңірдің еңбек нарығында қажеттіліктерді талдауды және болжауды ескере отырып айқындалады.
Оқу орындары жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы бар болғанда тізбеге қосылады.
Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа тәуелді.
Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған ЖОО-лар мен колледждердің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді. Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы түлекті жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау
Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқаратын жұмыскерлер кадрларды қайта даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау талабымен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер және оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген. Өтінім берген күннен кейін 2 жұмыс күні ішінде жұмыс беруші қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға өтінім беру туралы хабардар етеді.
Кадрларды қайта даярлау 4.0 индустрия элементтеріне негізделген жаңа экономиканың анағұрылым перспективалы кәсіптері бойынша жүзеге асырылады. Перспективалы кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган салалық орталық атқарушы органмен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп айқындайды.
Кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылатын біліктіліктер (кәсіптер) тізбесі экономика салаларын технологиялық жаңғырту жоспарлары мен Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол карталарын ескере отырып айқындалады.
Сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлау білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) бойынша жүргізіледі. Білім беру, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделуі мүмкін.
Білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларымен білім беру саласындағы уәкілетті орган «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бекітеді.
Білім беру бағдарламаларының ұзақтығы кәсіптің (мамандықтың) ерекшелігіне қарай он екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскердің:
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары құнының кемінде 30 %-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 70 %-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Онлайн оқыту
Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетпей тұрған және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.
Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және «жайлы» дағдыларды игеру бойынша онлайн курстарды қамтиды. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.
5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейтуді кеңейту;
3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалалар мен моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларда «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.
1) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
5.2.1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 2018 жылдан бастап қала, оның ішінде кіші және шағын қала тұрғындары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.
Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру;
3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;
4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.
Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынған оқуға үміткерлердің тізімінен жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде статусты актуалдандыру кезінде анықталғандарының тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы қалыптастырады).
Оқу қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.
Қаржылай емес қолдау операторы микроқаржы ұйымына және/немесе кредиттік серіктестікке және/немесе «АШҚҚҚ» АҚ және/немесе екінші деңгейдегі банкке «Бастау Бизнес» жобасына қатысушының кредит/микрокредит алуға арналған өтінімін қарау туралы қолдаухат береді.
Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.
«Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Бастау Бизнес» жобасын республикасылқ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырған кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті келісімшарт жасалады, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырған кезде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП-ның арасында тиісті келісімшарт жасалады.
ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі екінші бағыттың тиісті операторы бекітетін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Кредиттер/микрокредиттер алуға «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа ие.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.
Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
2) бар болса кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ-дағы тексерулер нәтижелері бойынша 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.
Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның ішінде бұдан бұрын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Кредиттер/микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;
2) қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.
Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін немесе басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткеннен кейін беріледі. «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) алған Бағдарламаға қатысушылар кредиттер/микрокредиттер алуға басым құқыққа ие болады.
Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ «АШҚҚҚ»АҚ-ға/ «ҚазАгроКепіл» АҚ-ға ұсынылады.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін бұдан бұрын бекітілген аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталары қолданады.
Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы салаларында кредиттер/микрокредиттер «АШҚҚҚ» АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.
Қалаларда және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру «Даму» КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;
3) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі;
4) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
5) негізгі қарызды өтеу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: жыл сайын жеңілдік кезеңінің өтуі бойынша ____ мың теңге, қалған бөлігі бюджеттік кредит мерзімінің соңында.
Кредитор жергілікті атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20 %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.
Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.
Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ қатысуына жол беріледі. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.
Микрокредит беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін - 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – «АШҚҚҚ» АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.
МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Қаржылық-тұрақты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі;
2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «Даму» КДҚ» АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ үшін жылдық 2 %-ға дейін;
4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;
5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.
Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 5,0 мың АЕК-ке дейін;
қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;
9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының және Бағдарлама шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттар есебінен аудандардың және шағын мамандандыру картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді мынадай тәртіппен іске асырады:
2018 жыл аяқталғанға дейін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен;
осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде және жергілікті атқарушы органдармен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол), сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есепті ұсынады.
Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру
Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;
2) қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ, қалалар мен моноқалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.
Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінен 30%-ды, қалаларда және моноқалаларда – 20%-ды құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85%-ынан аспайды.
Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркеу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін КС/МҚҰ-ға жүгінген сәтте үш жылдан асқан якорлық кооперацияның мүшелері – кәсіпкерлер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50%-ынан аспайды.
Якорлық кооперацияларға қатысушылар үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50%-ынан аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.
Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.
Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың басында кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50%-ын кепілгерлерге аударады. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай кепілгерлерге аударылады.
Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражаты игерілуінің растамасы болып табылады.
Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне ұсынылады.
Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген жағдайларда кепілдік ұсынудан бас тартуға құқылы.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда және моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау
МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге арналған операциялық шығындар субсидиялауға жатады.
МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.
Субсидиялар мынадай шарттармен беріледі:
1) субсидия мөлшері «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінен 10 %-ды құрайды;
2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ МҚҰ-ға ұсынған, оператор растаған қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;
3) МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ұсынған қаражаттың игерілуін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде субсидиялау жөніндегі оператор растауға тиіс;
4) субсидиялау мақсаты үшін Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескеріледі.
Бұрын берілген, МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған, микрокредиттерден қайтарылған (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге арналған МҚҰ операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.
МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында айқындалады.
Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары арқылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен «АШҚҚҚ» АҚ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторына:
1) «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуы;
2) кепілдік беру және субсидиялауды есепке ала отырып, ауылда микрокредит беру барысы;
3) кепілдік беруді есепке ала отырып қалаларда микрокредит беру барысы;
4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынады.
Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарын өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК дейінгі мөлшерде ұсынылады.
Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсатқа, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және тұрғын үй құрылысына, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалақысы ретінде берілмейді.
Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.
5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.
5.3.1. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) жастар практикасын ұйымдастыру;
5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіби консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
Кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.
Кәсіптік бағдарлауды халықты жұмыспен қамту орталықтары және білім беру ұйымдары жүргізеді.
Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында айқындалады.
Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:
1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
3) іске асырылатын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.
Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тұрақты жұмыс орындарын құру
Құрылып жатқан жұмыс орындарына бағалау және талдау жүргізу мақсатында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде және ШОБ саласында жұмыс орындарын құруды мониторингілеу бөлігінде мемлекеттік органдарды жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органғатиісті мәліметтер ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жинақтауды жүзеге асырады және ұсынылған деректердің негізінде Құрылатын жұмыс орындарының картасын қалыптастырады.
Құрылатын жұмыс орындарының картасына қосылған жобалар
Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
Сондай-ақ, жобалық басқару құралдарын пайдалана отырып, өңірлер және жкономика саларының бөлінісінде жұмыс орындарын құру бойынша интерацияланған карта әзірленетін болады.
Тұрақты жұмыс орындары Бағдарламаға қатысушыларға лайықты табыс деңгейі мен еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақты және өнімді жұмыспен қамту үшін құрылады,
Тұрақты жұмыс орындарын құру мынадай шараларды қамтиды:
1) жеке бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс орындарын құруын ынталандыру;
2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды басқару.
Жеке бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс орындарын құруын ынталандыру
Жеке бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс орындарын құру үшін бизнестің өсуі, яғни оның дамуы, кеңеюі және нығаюы негізгі шарт болып келеді. Бизнестің өсуін ынталандыру кәсіпорындардың жергілікті және сыртқы нарыққа қолжетімділігін қолдау, бизнесті кеңейту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру, кедергілерді жою, жалпы алғанда бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту есебінен жүзеге асырылады.
Бизнестің өсуін ынталандыру шаралары ең алдымен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына бағытталған.
Бизнестің өсуін ынталандыру үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) кәсіпорындардың жергілікті нарыққа қолжетімділігін отандық ірі кәсіпорындардың өткізу арналарына рұқсат алуды қолдау, мемлекеттік сатып алуға қатысу, жұмыс капиталын қаржыландыру құралдарын дамыту есебінен ынталандыру;
2) кәсіпорындардың сыртқы нарыққа қолжетімділігін шағын және орта бизнестің өнімін халықаралық аренада ілгерілету, қаржы институттарына экспортқа бағдарланған бизнеске займды қамтамасыз ету үшін кепілдіктер беру, халықаралық нарыққа шыққысы келетін компанияларға жеке консультациялар беру есебінен ынталандыру ;
3) бизнесті кеңейтуді өңірде жұмыс істейтін халықаралық ірі компаниялардың жеткізу тізбектеріне кәсіпорындарды тарту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды ынталандыру есебінен, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау есебінен ынталандыру.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуды қолдау конкурсқа қатысу үшін қамтамасыз ету төлемдерін ұсыну туралы талаптың болмауы есебінен, сондай-ақ өнім берушіге келісімшарт сомасынан 70% мөлшерде алдын ала ақы төлеуді ұсыну есебінен жүзеге асырылады.
Халықаралық нарыққа шығуға ұмтылатын компанияларға жеке консультациялар халықаралық нарықтағы жұмыс туралы практикалық кеңестерді, шетелде өткізу нарығын іздеуді қолдау, өнімді халықаралық нарықта ілгерілету туралы консультацияларды қамтиды.
Мүдделі тараптардың жеке бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс орындарын құруын ынталандыру бойынша функцияларын бөлу
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кәсіпорындардың жергілікті нарыққа қолжетімділігін ынталандыруға бағытталған, ұлттық деңгейде бизнестің өсуін ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) жеке бизнес кәсіпорнының бизнесінің өсуі есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру тәртібін айқындайды және мониторингті қамтамасыз етеді.
Инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кәсіпорындардың сыртқы нарыққа қолжетімділігін ынталандыруға және бизнесті кеңейтуге бағытталған, ұлттық деңгейде бизнестің өсуін ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) кәсіпорындарға «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы сыртқы нарыққа қолжетімділігін қолдауды ұсынуды қамтамасыз етеді;
3) кәсіпорындарға «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы бизнесті кеңейтуді қолдауды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) жергілікті деңгейде бизнестің өсуін ынталандыру жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) жеке бизнес кәсіпорындарына өңір ішінде кәсіпорындар, сондай-ақ басқа өңірлердің кәсіпорындары арасында өткізу арналарына рұқсат алу, бизнес жобаларды бірлесіп іске асыру, тәжірибемен алмасу және бизнестің өсуін қолдаудағы басқа да тәсілдер үшін іскерлік байланысты жақсартуға қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды басқару
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыс орындарын құрудың және қолдаудың маңызды құралы болып табылады. 2018 – 2021 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шамамен 763,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте жұмыс орындарының айтарлықтай бөлігі Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың актуалдандырылған бағдарламасында болады, ол осы кезең ішінде, негізінде ауыл шаруашылығында 258,8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге тиіс. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының (200 мың жұмы орны) Қызметтер көрсету саласын дамыту бағдарламасының (244 мың жұмыс орны) рөлі маңызды екенін айта кеткен жөн.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру үшін осы бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарда жауапкершілікте болады.
Құрылып жатқан жұмыс орындарына бағалау және талдау жүргізу мақсатында жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүзеге асырылады.
Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады.
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган дербес белгілейді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу шарттары және оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Білім беру түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру қаржыландыру тәртібі және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында анықталады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар бойынша:
1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге асырылады;
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері болып айқындалған.
Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады;
2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынады.
Ақпарат кәсіптерді (мамандықтарды) көрсете отырып, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың мүмкіндіктері мен бар болуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Шығу өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде оқуды аяқтағандар;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;
3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз мөлшерінде квотамен айқындалған қабылдау өңірлерінде оқып жатқан ауыл жастары қатарында оқуын аяқтаған азаматтар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуда басымдықты пайдаланады.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастарының қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар өңіраралық ерікті қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.
Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;
3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1.1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;
1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
2.1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.
Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.
Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру кезінде кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі жөнінде міндеттемесі көзделеді.
Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде, Бағдарламаға қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.
Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасы азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысының негізінде үміткерлердің жиынтық тізімін қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жібереді.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң шешім қорытындысы болған жағдайда, үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.
Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органы 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген оралмандар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өздігінен келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.
Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.
Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш білдіреді және құжаттарды қоса береді.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы үміткерді хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау ұсыну туралы жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушының құрамына қосады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс шегінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттарының түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;
3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.
Өңірлік комиссия жыл сайын 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультация береді, жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады, үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылармен жеке әлеуметтік шарт жасасады.
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асыра алады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын өңірлерде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.
Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидиялар төлейді.
Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде, Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» ААЖ-да орналастырылады.
Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үймен қамтамасы ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар:
1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
2) Бағдарламаның салынып жатқан объектілері бойынша техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді;
3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды салу үшін жер учаскелерін бөлуді;
4) магистральді инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй құнының кемінде 15 %-ын қосса қаржыландырады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылады. Аталған міндетті іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерді тартуы мүмкін.
Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй сатып (құнын төлеп алу) және бөлу бойынша іс-шараларды қаржыландыру тетігі, тұрғын үйді беру, қоныстандыру және пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады
5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсының жұмыс істеуін көздейді.
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.
«Еңбек нарығы» ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.
«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.
Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында «Еңбек нарығы»ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімін әрі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
Өңірлік деңгейде қалыптастырылған «Еңбек нарығы» ААЖ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етеді.
«Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс іздеушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер еркін қолжетімді порталға орналастырылады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.
Портал жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса «Еңбек нарығы» ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және ізденушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздерінің ыңғайына қарай еркін қолжетімді порталға жұмыс іздеушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты орналастыра алады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары порталда «жеке кабинет» арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.
Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспортталуы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қағидаларға сәйкес айқындалады.
Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ қоса алғанда, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын – «Еңбек биржасын» және порталды республикалық деңгейде сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек нарығын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орны, жоғары оқу орны ұйымдарының түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына енгізуді білім беру саласында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Іске асыру тәртібі мен шарттары:
1) Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді және іске асыруды:
2) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;
3) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
4) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосының, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;
5) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
6) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;
7) бірінші кезектілігі және өзектілігі;
8) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
9) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
10) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерінсіз және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;
11) жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін ұсынады.
12) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:
басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің себептері;
жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады.
13) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;
14) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК), Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) ВАК;
2) Бағдарлама операторлары;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейде:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;
аудандық (қалалық) деңгейде:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;
3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) Бағдарламаны нормативтік-құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және Бағдарлама бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректердің дәйектілігіне жауапты болады;
5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
Өңірлік комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекітеді;
3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (қалалық) комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;
2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
2) Бағдарламаны іске асыруға мониторингті қамтамасыз етеді;
3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;
6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;
7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі.
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;
9) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне талдауды, сұраныс пен ұсынысты болжауды жүргізеді;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін жүргізеді;
5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) Бағдарламаның бірінші бағытын жалпы үйлестіруді және іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
4) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес модульді-құзыретті тәсілге негізделген үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.
Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, оқу орындарының, мамандықтардың және кәсіптердің тізбесін қалыптастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
3) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық тараптардың жұмысын үйлестіреді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөнінде мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;
5) бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға қаражатты орналастырады;
6) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық тараптардың жұмысын үйлестіреді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру ұйымдарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады;
6) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингті жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары:
1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;
3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтері бар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқу жүргізеді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады;
5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді;
6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, оқудан шығарылған адамдар бойынша ақпаратты енгізуді іске асырады. Аталған ақпарат порталдық шешім арқылы облыстық деңгейдегі білім және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ мониторинг және есептілікті құруды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады
2) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) ауылда және аудан орталықтарында «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуына және қалаларда кредит/микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;
4) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) «АШҚҚҚ» АҚ және микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
2) микрокредиттерге ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;
6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады;
7) 2018 жылдан бастап ӨКП-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өңірлік кәсіпкерлер палаталары:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылардың тізбесін айқындауға қатысады;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді;
3) ТжКБ-мен кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;
4) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;
5) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру карталарын әзірлейді;
7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;
9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушыларды 1 жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді.
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:
1) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдемдеседі;
2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
3) ӨКП-мен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру картасын айқындайды;
4) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпорындар мен ұйымдарға және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;
6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері:
1) елді мекендерде Бағдарлама шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп халық арасында Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультация береді және қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/өңірлік кәсіпкерлер палаталарына/екінші деңгейдегі банктерге/МҚҰ-ға жібереді;
4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысады;
5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді
6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
7) ауданды және елді мекендерді мамандандыру картасын дайындауға қатысады;
8) Бағдарламаның әртүрлі бағыты бойынша қатысатын адамдарға мониторинг жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;
3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді және есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға оқып жүргендер бойынша ақпарат ұсынады;
7) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
8) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;
9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды;
10) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимылын үйлестіру мәселесімен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.
Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың осы Бағдарламада көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттіліктері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.
6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыруға:
1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 966 мың теңге,
2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 78 438 152 мың теңге, 2020 жылы – 86 177 355 мың теңге, 2019 жылы – 92 124 387 мың теңге, көзделеді;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосымша
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
Оның ішінде жылдар бойынша |
Барлығы |
Қаржыландыру көзі |
Бюджеттік бағдарлама коды |
||||||||||
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
||||||
Мақсат. Халықтың нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
|||||||||||||||||||
1 |
Жұмыссыздық деңгейі |
% |
|
|
Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ |
4,9 |
4,9 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
|
|
* |
||||||
2 |
Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ |
25 |
24 |
23 |
22 |
20 |
|
|
* |
||||||
3 |
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ |
15 |
14 |
13 |
12 |
10 |
|
|
|
||||||
4 |
Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі |
% |
|
|
Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ |
3 |
5 |
7 |
9 |
10 |
|
|
|
||||||
Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету |
|||||||||||||||||||
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны |
мың адам |
Еңбекминіне есеп |
жыл сайын мамыр және қыркүйек айлары |
БҒМ, ЖАО |
21,3 |
41 |
69,8 |
73 |
78,3 |
|
|
|
||||||
2) |
Бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алған, оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі |
% |
Еңбекминіне есеп |
жыл сайын мамыр және қыркүйек айлары |
БҒМ, ЖАО |
- |
- |
- |
60 |
60 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|
||||||||||||||||||
1 |
Білім беру ұйымдарының, мамандықтардың тізбесін және оқу орындары бойынша орындарды бөлуді бекіту |
|
өңірлік комиссиялардың шешімі |
|
ЖАО, ӨКП |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
2 |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру |
|
аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі |
|
ЖАО, ӨКП |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
3 |
Мобильдік топтардың оқу орындарын және мамандықтарды көрсете отырып, үміткерлердің тізімін жасауы |
|
тізім |
жыл сайын 23 тамызға дейін |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
4 |
Қалыптастырылған тізімдерді аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне ұсыну |
|
аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімдері |
жыл сайын 25 тамызға дейін |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
5 |
Оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын бекіту |
|
оқу жоспарлары мен бағдарламалар |
|
Білім беру бағдарламалары |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
6 |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау туралы оқу орындарымен шарттар жасау |
|
шарттар |
жыл сайын тамыз айы |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, оның ішінде 4.0. Индустрия үшін еңбек ресурстарын қайта даярлау |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны |
мың адам |
* |
* |
Еңбекмині, ЖАО |
26 |
36 |
46 |
50 |
56 |
|
|
|
||||||
2) |
Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған, оқуды аяқтағаннан кейін 6 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі |
% |
* |
* |
Еңбекмині, ЖАО |
60 |
60 |
70 |
70 |
70 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
Үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру және аудандық (қалалық) комиссияға жіберу |
|
тізімдер |
келу ретіне қарай |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
2. |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекіту |
|
аудандық комиссиялардың шешімдері |
құрылу ретіне қарай |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
3. |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқытылатын Бағдарламаға қатысушыларға мониторинг жүргізу |
|
БҒМ-ге есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет |
|
||||||
4 |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім алушы Бағдарламаға қатысушыларға мониторинг жүргізу |
|
Еңбекминіне есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет |
|
||||||
5 |
Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсыну |
|
|
әр айдың 5-іне қарай |
БҒМ |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
3-міндет. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрларды даярлау |
|||||||||||||||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1) |
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша бөлінген гранттардың саны |
бірлік |
Еңбекминіне есеп |
жыл сайын мамыр және қыркүйек айлары |
БҒМ, ЖАО |
740 |
740 |
|
|
|
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1 |
Білім беру ұйымдарының, оқу орындарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді қалыптастыру |
|
тізбе |
жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
2 |
Білім беру ұйымдарының, оқу орындарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді бекіту |
|
бұйрық |
жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
3 |
Оқу орындары мен мамандықтарды көрсете отырып үміткерлердің тізімдерін жасау |
|
тізім |
жыл сайын тамыз айы |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
2) |
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасымен қамтылған жоғары білімі бар адамдардың саны |
адам |
Еңбекминіне есеп |
ай сайын 5-күнге дейін |
БҒМ, ЖАО |
5089 |
5090 |
4358 |
|
|
|
|
|
||||||
1 |
Білім беру ұйымдарының, оқу орындарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді қалыптастыру |
|
тізбе |
жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
2 |
Білім беру ұйымдарының, оқу орындарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді бекіту |
|
бұйрық |
жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
3 |
Оқу орындары мен мамандықтарды көрсете отырып үміткерлердің тізімдерін жасау |
|
тізім |
жыл сайын тамыз айы |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту |
|||||||||||||||||||
1-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны |
мың адам |
* |
* |
ҰКП, ЖАО |
15 |
15 |
15 |
15 |
15 |
|
|
|
||||||
2) |
Бизнес ашқан және/немесе кеңейткен қатысушылардың үлесі |
% |
* |
* |
ҰКП, ЖАО |
20 |
20 |
20 |
20 |
20 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
Оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастыру (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде статустарды актуаландыру кезінде анықталғандар) |
|
Үміткерлердің тізімдері |
ай сайын |
ЖАО, ӨКП |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
2. |
Оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жобаларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) және «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат беру |
|
жобаларды қорғау және сертификаттар беру |
ай сайын |
ҰКП, ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
3. |
Оқуға жіберілген, оқуды аяқтаған, жеке ісін ашқан, кредиттер/микрокредиттер алған адамдардың саны туралы ақпарат ұсыну |
|
ЖАО-ға есеп
|
ай сайын 2-күнге |
ӨКП |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген кредиттердің/ |
бірлік |
Еңбекминіне есеп |
ай сайын 5-күнге |
АШМ, ЖАО |
3300 |
11 000 |
11 000 |
11 000 |
11 000 |
|
|
|
||||||
2) |
Қалаларда берілген кредиттер/микрокредиттер саны |
бірлік |
Еңбекминіне есеп |
ай сайын 5-күнге |
ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ»АҚ (келісім бойынша) |
3000 |
9311 |
9311 |
9311 |
9311 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
Аудандарды және елді мекендерді мамандандырудың өңірлік картасын әзірлеу және түзету |
|
Өңірлік карталар |
жыл сайын 20 ақпанға дейін |
ЖАО, АШМ, ӨКП |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
2. |
Бағдарламаға қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру |
|
Кредит беру/микрокредит беру шарттары |
тұрақты |
МҚҰ, КС, ЕДБ, «АШҚҚҚ» АҚ |
|
|
|
|
|
|
республикалық және жергілікті бюджеттер |
|
||||||
3. |
Берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша есептер ұсыну |
|
ЖАО-ға есеп |
ай сайын 3-күнге дейін |
МҚҰ, КС, ЕДБ, «АШҚҚҚ» АҚ |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту |
|||||||||||||||||||
1-міндет. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
75 |
90 |
90 |
90 |
90 |
|
|
|
||||||
2) |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
65 |
67 |
70 |
72 |
75 |
|
|
|
||||||
3) |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
45 |
45 |
45 |
46 |
48 |
|
|
|
||||||
4) |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы тұрақты жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
60 |
65 |
68 |
70 |
75 |
|
|
|
||||||
5) |
Жастар практикасына қатысушылардың саны |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
19,4 |
15,1 |
15,1 |
15,8 |
16,1 |
|
|
|
||||||
6) |
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
18,2 |
12,1 |
12,2 |
12,5 |
12,7 |
|
|
|
||||||
7) |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды алған адамдардың саны |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
- |
3,6 |
4,1 |
4,2 |
4,2 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша іс-шаралар өткізу |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
ай сайын |
ЖАО, ӨКП, |
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет |
|
||||||
2. |
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
қаңтар, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
3. |
Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесін бекіту |
|
ЖАО шешімдері |
ақпан, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
4. |
Жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасау |
|
шарттар |
ақпан, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
5. |
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
|
||||||
6. |
Жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
қаңтар, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
7. |
Жастар практикасын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту |
|
ЖАО шешімі |
қаңтар, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
8. |
Жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасау |
|
шарттар |
ақпан, жыл сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
9. |
Жастар практикасын ұйымдастыру |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
|
||||||
10. |
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру |
|
«ЕРДО» АҚ-ға есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет |
|
||||||
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны |
мың адам |
|
|
ЖАО |
3,3 |
9,1 |
9,6 |
9,8 |
10,0 |
|
|
|
||||||
2) |
Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, ЖАО |
34 |
60 |
60 |
60 |
60 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
Жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі, кәсіптер бөлінісінде қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігі туралы ақпарат ұсыну |
|
Еңбекминіне ақпарат |
қажеттіне қарай |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
2. |
Шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптердің тізбесін бекіту |
|
өңірлік комиссиялардың шешімдері |
қажеттіне қарай |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
3. |
Қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарттар жасау |
|
«ЕРДО» АҚ-ға ақпарат |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді |
|
||||||
4. |
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша шараларды ұйымдастыру және іске асыру |
|
Еңбекминіне есеп |
ай сайын |
ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
|
||||||
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай алаңның жұмыс істеуі |
|||||||||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
1) |
Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі |
% |
|
|
Еңбекмині, «ЕРДО»АҚ |
43 |
45 |
50 |
55 |
59 |
|
|
|
||||||
2) |
Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, «ЕРДО»АҚ |
50 |
270 |
277 |
284 |
291 |
|
|
|
||||||
3) |
Тіркелген жұмыс берушілердің саны |
мың адам |
|
|
Еңбекмині, «ЕРДО»АҚ |
11 |
70 |
76 |
82 |
88 |
|
|
|
||||||
Іс-шаралар |
|||||||||||||||||||
1. |
«Еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық алаңның жұмыс ісеуі |
|
Еңбекминіне ақпарат |
ай сайын |
«ЕРДО» АҚ |
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
|
||||||
2. |
«Еңбек нарығы» ААЖ қалыптастыру |
|
Еңбекминіне ақпарат |
пысықтау ретіне қарай |
«ЕРДО»АҚ, ЖАО |
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
|
||||||
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҰКП – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ӨКП – өңірлік кәсіпкерлер палаталары
«ЕРДО» АҚ – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
«Даму» КДО» АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазагро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
МҚО – микроқаржылық ұйымдар
КС – кредиттік серіктестіктер
ЖЖА – жеке жұмыспен қамту агенттіктері.