2023 жылға арналған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

202_ ____ ______

№ ____қаулысымен бекітілген

 

2023 жылға арналған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге кредит берудің негізгі шарттары

 

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

       1) «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында көзделген 28980000 (жиырма сегіз миллиард тоғыз жүз сексен миллион) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кредит беруге 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 10 (он) жыл мерзімге 2023 жылы жастарға шағын несие беру үшін беріледі;

      2) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 айды құрайды және бюджеттік кредит қаражаты кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі.

 

–––––––––––––––––––––

 

Қаулы
Дата публикации
10 декабря 2022