Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының
    2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):

1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

НҚА
Дата публикации
10 декабря 2022