Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 74 тармағы, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 маусымдағы Заңының 11-бабының 1) тармақшасы сайкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 74 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде жұмыс істейтін азаматтарының құқықтарын қорғау тетіктерін де көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу».

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.

ППРК
Дата публикации
10 января 2022