2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап меншік нысанынан қарамастан ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға арналған Арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету субъектілерін лицензиялау енгізілетін болады.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі» бекітілді.
Батыс Қазақстан облысы аумағында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету субъектілерінің саны 29 (11 стационар, 4 жартылай стационар (оның 2-і мемлекеттік емес ұйымдар), 12 үйден қызмет көрсету жағдайында, 2 уақытша болу жағдайында).
Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары лицензия алды бақылау жұмыстарын жүргізуді толық аяқтады.
АӘҚ көрсетуге лицензия құжаттары толық бар және жаңа талаптарға қатаң түрде сәйкес болған субъектілерге берілетін болады.
2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік кодексінің» 135-бабының 1-тармағы 1-тармақшасы және 164-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін стратегиялық әріптестіктерді, гранттар мен сыйлықтарды іске асыру бойынша бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша конкурстарға қатысып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер қатарына қосылуға құқылы.