2024 жылдың 25 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіліп, халықты әлеуметтік қорғау саласы мекемелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері мәселелері қаралды. Отырысқа қатынасқан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы күн тәртібі бойынша хабарлама жасап, қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.