Құқықтық оқу

Құқықтық оқу

   2024 жылдың 24 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымына 2024 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес құқықтық оқу өткізілді. 

   Жиынды ашқан департамент басшысы бүгінгі кездесу «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, №031 нысанын сапасыз толтыру бойынша қабылданатын шаралар» туралы пікір алмасу мәселелеріне арналатындығын жеткізді. 

   Кездесу барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Нияров сөз сөйлеп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, №031 нысанын сапасыз толтыру бойынша қабылданып жатырған шараларға, өзгерістерге, болашақ жоспарларға тоқталып, жалпы салаға қатысты жұмыстармен таныстырды. Күн тәртібіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

   Қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.