Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мемлекеттік қызметшілердің әдебі, ойынқұмарлықтың алдын алу, онлайн-конкурс, ротация тәртіптері туралы семинар-кеңес

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мемлекеттік қызметшілердің әдебі, ойынқұмарлықтың алдын алу, онлайн-конкурс, ротация тәртіптері туралы семинар-кеңес

     2024 жылдың 18 желтоқсаны күні күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мемлекеттік қызметшілердің әдебі, ойынқұмарлықтың алдын алу, онлайн-конкурс, ротация тәртіптері тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.

     Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Д.Е.Хаиров өз хабарламасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі талаптарына, онлайн-конкурс, ротация тәртіптеріне тоқталып, жиналғандар назарын бүгінгі таңда қоғамдық дертке айналып отырған ойын құмарлық (лудомания) мәселесіне аударып, қызметкерлерді ойын құмарлықтан, теріс әдеттерден аулақ болуға, қызметті адал және мінсіз атқаруға шақырды.

     Уәкілетті мемлекеттік орган өкілі тарапынан қатысушылар сауалдарына жауаптары берілді.