Жоспарға сәйкес құқықтық оқу

Жоспарға сәйкес құқықтық оқу

2024 жылдың 04 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымына 2024 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес құқықтық оқу өткізілді. 

Жиынды ашқан департамент басшысы бүгінгі кездесу «Міндетті медициналық сақтандыру бойынша тиісті заңнамаларға енгізілген өзгерістер және жалпы салаға қатысты жұмыстар» туралы пікір алмасу мәселелеріне арналатындығын жеткізді. 

Кездесу барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары А.Б.Беркалиев  пен аталмыш филиалдың «Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің» басшысы К.Б.Сансызбаев сөз сөйлеп, Міндетті медициналық сақтандыру бойынша тиісті заңнамаларға енгізілген өзгерістерге тоқталып, жалпы салаға қатысты жұмыстармен таныстырды. Күн тәртібіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.