Дәстүрлі түрде 1 қазан – Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мереке – қарияларға құрмет көрсетіп, бас иетін, оларға көңіл бөліп, қайырымдылық танытатын, еткен еңбектері мен өмірлік мол тәжірибелерінің баға жетпес маңызын еске алатын күн. Аталған күнге ең жақсы тарту – ол, әрине сөзсіз жылы лебіз білдіру, құттықтау.
Мерекеге орай Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері ұжым ардагерлеріне барып, ұжым атынан құттықтау лебіздерін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, таусылмас қуат және жанға жылу тілеген тілектерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.