Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексі бойынша құқықтық оқу

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексі бойынша құқықтық оқу

10.08.2023ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымына 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің талаптарын, соның ішінде кейбір қағидаларды түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізілді. 

Жиынды ашқан департамент басшысы бүгінгі кездесуде ұжым қызметкерлеріне «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілетіндігін баян етті.

Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау және әдіснама бөлімінің басшысының м.а. Г.К.Мухамбеткалиева баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына» түсінік берді.

Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.