Департаменттің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Каратөбе ауданындағы көшпелі отырысы

Департаменттің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Каратөбе ауданындағы көшпелі отырысы

Ағымдағы жылдың 10-11 тамыздағы көшпелі отырыстар кестесіне сәйкес Каратөбе аудандық ауруханасында № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімінің көшпелі отырысы өткізілді.
Көшпелі отырыста жалпы саны – 10 адам куәландырылды. Алғашқы рет куәландырудан 5, кезекті куәландырудан – 5 адам өткізілді. 6 адамға Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама сұрақтары жөніндегі орынбасары  А.Муканова  медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау негізінде кеңес берді.Сонымен қатар, Каратөбе ауруханасының медицина қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіндегі  және МӘС заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізілді.