Ағымдағы жылдың 3-4 тамызында көшпелі отырыстар кестесіне сәйкес Казталов аудандық ауруханасы мен Казталов ауданының №2 ауруханасында №1 медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімінің көшпелі отырыстары өткізілді. Көшпелі отырыстарда жалпы саны – 28 адам куәландырылды. Алғашқы рет куәландырудан 6 , кезекті куәландырудан – 22 адам өткізілді. 10 адамға Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары А.И.Муканова медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау бойынша кеңес берді.Сонымен қатар, Казталов аудандық ауруханасы мен Жалпақтал ауылындағы аудандық №2 ауруханасының медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіндегі және МӘС заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша семинарлар өткізілді.