2023 жылдың 4 тамызы күні Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымына 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің талаптарын, соның ішінде Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізілді.
Департамент басшысы құқықтық оқудың негізгі мақсаты ұжым қызметкерлері арасында құқықтық мәдениетті, құқықтық ақпараттандыруды және еліміздің заңнамаларын құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру екендігін атап өтті.
Кездесу барысында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Т.Бисекенова хабарлама жасап, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің талаптарына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №257 бұйрығымен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына түсінік берді.
Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.