2023 жылдың 31 шілдесі күні Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұжымының қатынасуымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі нормалары талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кезекті жиын өткізілді.
Жиынды ашқан Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А.І.Мұқанова қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің әдебін арттыру бағытында қабылданып жатырған шаралар туралы ақпарат берді. 2015 жылы Қазақстанда қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы, әріптестерімен байланыс кезіндегі, жұмыстан тыс уақыттағы, бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік алдында сөз сөйлеу барысындағы мінез-құлық стандарттарын реттейтінін атап өтті. Спикер Әдеп кодексі нормаларын сақтауға шақыра отырып, заңдылық пен әдептілік қағидаларын мүлтіксіз орындау жоғары кәсібилік пен адамгершілік абыройларының кепілі болып табылатынын хабарлады.
Жиын қорытындысы бойынша Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі нормалары талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талаптары бойынша жұмыстарды күшейтуді бақылауға алу, көрсетілген ұсыныс-ескертпелерді орындауға қабылдау туралы тапсырма берді.