Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылға арналған медициналық пойыздарды пайдалану жобасының жүзеге асырылатынын жариялаймыз.

Жоба медициналық пойыздардың шағын станциялар мен разъездердегі, сондай-ақ жергілікті медициналық пункттер мен медицина қызметкерлерінің болмауына байланысты білікті медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ іргелес жатқан ауылдық елді мекендердегі жұмысын қамтамасыз етеді.

Кестеде 2022 жылға арналған «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойыздарының қозғалыс кестесі көрсетілген (азаматтарды тегін қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан аялдамалар сары түспен белгіленген).