Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева Уркен Болатовнаның қатысуымен кездесу

Еңбек және әлеуметтік қорғау  министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева Уркен Болатовнаның қатысуымен кездесу

2022 жылдың  24 маусым күні БҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаменті қызметкерлеріне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында  кездесу ұйымдастырылды.

        Шараға  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Уркен Болатовна  Алшынбаева және БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция  басқармасының басшысы Биржан Марданович Хайруллин қатысты.

        Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

         Кездесу барысында Биржан Хайруллин Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қылмастары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндіріп өтті.      

 «Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, заңдылық пен прагматизм әрқайсымыздың ішкі құндылық сенімімізге айналуға тиіс. Сіздердің әрқайсыларыңыз қоғамдағы тәртіпті сақтайтын жоғары кәсіби және лайықты мемлекеттік қызметші болатынына сенімдімін», - деді Уркен Алшынбаева кездесу соңында.