2021 жылдың 01 қазанынан «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 304, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 204 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 227/НҚ «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы «бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кезекті куәландыру және алғашқы рет МӘС-ке жолданған науқастарды куәландыру 12 назология бойынша проактивті сырттай жүргізілуде.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасына келесідей назологиялар бойынша жолданады:
- қатерлі ісіктер;
- туберкулездің барлық локализациясы;
- ересектердегі қан айналымы жүйесінің аурулары-цереброваскулярлық аурулардың салдары: айқын гемипарез немесе гемиплегиямен, трипарезбен немесе триплегиямен, тетрапарезбен немесе тетраплегиямен, тамырлы деменциямен асқынған ми қан айналымының жедел бұзылуы;
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар ересектердегі зәр шығару жүйесінің аурулары;
- психикалық аурулар, оның ішінде ақыл-ой кемістігі, балалар аутизмі;
- балалардағы 1 типті қант диабеті;
- туа біткен және пайда болған анатомиялық кемістіктер (аяқ-қолдың болмауы немесе ампутациясы, рентгенологиялық растау болған кезде, хирургиялық ампутация кезінде – стационарлық пациенттің тарихынан үзінді):
- екі қол буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
- екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;
- қолды (иық буынынан) және аяқты (жамбассан буынынан) кесіп тастаудың ұштасуы;
- біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бунақтарының, екі қол буынының болмауы;
- біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бунақтарының, екі қол буынының болмауы;
- екі қол буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы;
- екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы;
- қолды иық буынынан кесіп тастау;
- Шопар бойынша табан тұқылдары;
- тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау;
- жамбас санды буыннан кесіп тастау;
- протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің (жоғарғы үштен бір бөлігі) кесілуі;
- екі аяқ жіліншігінің немесе сан буынының протезделген кесілген тұқылдары;
- тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі;
- біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бунақтарының болмауы; - біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бунақтарының болмауы;
- тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы;
- тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы;
- екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы;
- бір қолдың кесілген тұқылы;
- Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
- Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екіжақты тұқылдары;
- Даун ауруы;
- ағзаларды (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі) транспланттаудан кейінгі немесе жүректің сол жақ жасанды қарыншасын (LVAD) имплантациялаудан кейінгі жай – күй, толық жасанды жүректі (BiVAD) импланттау (операция барысын сипаттай отырып, стационарлық пациенттің тарихынан үзінді – көшірме болған кезде) –МӘС-ке бастапқы жіберу кезінде;
- қан аурулары: апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром, иммундық тромбоцитопениялық пурпура, көптеген миелома;
- туа біткен және пайда болған анофтальм. Екі жақты анофтальм, туа біткен рудиментарлық көз алмалары;
- алапес (лепра).
Батыс Қазақстан облысы осы пилоттық жобаға 2021 жылдың 01 қарашасынан қатысуына байланысты жоғарыдағы тізімде көрсетілген назологиялар бойынша алғашқы және кезекті куәландырудан проактивті сырттай өту медициналық мекемелердің жолдамалары (медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама 031/е нысаны) арқылы жүргізіледі.