«Абай -пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел және мемлекет, қоғам қайраткерлерімен кездесу

«Абай -пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел және мемлекет, қоғам қайраткерлерімен кездесу

2021 жылдың 05 қарашасында Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Департамент басшысы С.Д.Төлегенов, басшының МӘС сұрақтары жөніндегі орынбасары, әдеп жөніндегі өкіл А.І.Муканова, басшының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Беріковтың және департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Абай -пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған дөңгелек үстелге  Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Куанышкалиевна, мемлекет және қоғам қайраткерлері: ақын, ардагер ұстаз, Жұбантанушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Батыс Қазақстан облыстық кітапханасында ашылған «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Үзілдік Елеубайқызы, Орал қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, "Ауыл" халықтық демократиялық патриоттық партиясының БҚО филиалының төрағасы, ауыл шаруашылығы және күрес спорты саласының құрметті ардагері  Мынатаубиік Әнесов,
аграрлық өндірісі, білімі мен ғылымының ардагері, "ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгі иегері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, академик-профессор, "Ауыл" партиясының мүшесі  Болатқали Төлебаев, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі,  "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісінің иегері, Ресей Риторикалық қауымдастығының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Республикалық "Үшқоңыр" әдебиет, мәдениет және өнер газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі, "Махамбет" республикалық әдеби-мәдени, танымдық журналы бас редакторының орынбасары, ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Қазақстанның құрметті ұстазы, Үздік педагог-зерттеуші Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев, сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Хайруллин қатысып, мемлекеттік қызметшілердің парасатты, әділ және қарапайым болу керектігіне тоқталып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.