"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

2021 жылғы 12 қазандағы № 67-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына   сәйкес "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Толықтыруларға сәйкес 4 бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылды - Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.";

1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылды - күтімді жүзеге асыратын адамбірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;

6 бап  мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылды:

      "6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедек тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

  1. Бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
  2. Бірінші топтағы мүгедек және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.

7 бап 21 тармақшамен толықтырылды - күтімді жүзеге асыратын адамға – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.