2021 жылдың 02 қарашасында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Б. Алшынбаевамен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Онлайн кездесу барысында басшының МӘС сұрақтары жөніндегі орынбасары, әдеп жөніндегі өкіл А.Мұқанова Департаментте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлеріне және олардың сапалы және уақытылы көрсетіліп жатқандығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындау мәселелері бойынша есеп берді.
Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Б. Алшынбаева мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалау мен ілгерілеуге оң әсерін тигізетінін, бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерлі сақтауға міндетті екенін атап өтті.