Zoom - конференция «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»

Zoom - конференция «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»

2021 жылдың 26 мамырында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақ саңыраулар қоғамдық бірлестігі, Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облыстық мүгедектердің ерікті қоғамдық бірлестігі, Орал қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен ZOOM-конференция өткізілді. Конференция барысында қоғамдық бірлестік өкілдеріне «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығындағы протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізіміне 2021 жылғы 03 наурызда енгізілген өзгерістерге түсіндірме жасалды. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік өкілдерінің медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, сонымен қатар зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша қойған сұрақтарының барлығына қолданыстағы заң негізінде жауап берілді.