Ашық есік күні

Ашық есік күні

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Аукеновтің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін 2021 жылдың21 мамырында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде департамент басшысы С.Д. Төлегенов, басшының медициналық-әлеуметтік сараптама сұрақтары жөніндегі орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А.И. Муканова және басшының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Бериковтың қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Облыс пен қала тұрғындарына медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, сонымен қатар зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кеңес алу үшін 30-дан аса азамат жүгініп, барлығына қолданыстағы заңға сүйене отырып жауап берілді.