Іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын бұзу

Іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын бұзу

Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Олардың қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді.

Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті.

Жалпыға ортақ іскерлік этикет қағидалары мыналардан тұрады: жұмыс уақытын тиімді және орынды қолдану, дресс-кодты сақтау, қызметкерлер арасындағы жұмыстағы қарым-қатынас, іскерлік келіссөздер, тайм менеджменттің негіздерін меңгеру, әңгімелесуішіге деген құрмет, телефон этикеті.

Іскерлік этикет қағидаларын сақтау мемлекеттік институттарға деген халықтың сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.