Шағымдарды қараудың жалпы қағидалары

Шағымдарды қараудың жалпы қағидалары

Тұлғаның шағымы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарады.

Шағым қаралған кезде онда жазылған дәлелдер жан-жақты тексеріледі, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан лауазымды адамдардың шағым жасалып отырған әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың шағым жасалып отырған актілеріне (шешімдеріне) қатысты түсіндірмелермен бірге қосымша материалдар талап етіп алдырылады.

Шағым оның мазмұны шегінде қаралады.

Жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.

Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдарды қараудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.