Талап қою мерзімін қалпына келтіру

Талап қою мерзімін қалпына келтіру

Сот талап қоюшының жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқастануы, дәрменсіз халде болуы, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімінің өтіп кету себебін орынды деп таныған ерекше жағдайларда азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері, егер олар талап мерзімінің соңғы алты айында орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзімінің өтуі кезінде дәлелді деп танылуы мүмкін.

Талап қою мерзімі талап қоюшының заң актілеріне сәйкес осы іс бойынша сот шешімін орындаудан бас тартуына байланысты сол іс бойынша жаңа талап қою құқығы туындаған жағдайларда қалпына келтіріледі және қайтадан басталады.