Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша қорытындылары

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша қорытындылары

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, оңалту іс-шараларын орындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша тексерулер үнемі жүргізіледі. 2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларындағы объектілерде бұзушылықтарды анықтау бойынша 23 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 7 объектіде мүгедек адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету және 4 объектіде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету тұрғысынан тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 31 бұзушылық анықталды, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 11 нұсқама берілді.

Бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау аясында, жоспардан тыс 12 тексеріс жүргізіліп, жалпы сомасы 612,6 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

Естеріңізге сала кетейік, егер мүгедек адам объектіде кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етпесе немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтарға тап болса, Сізге нақты бұзушылық фактілері бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жазбаша өтініш беру қажет.