Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департементі келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтайды!

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департементі келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтайды!

Құрметті облыс тұрғындары және әріптестер, Сіздерді келіп жеткен 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Өткен жыл оңай болған жоқ. Бірақ әлемдегі пандемияға қатысты жағдайға қарамастан, өзімізге жүктелген зор жауапкершілік пен міндеттерді лайықты орындап, тек алға қадам бастық. Қиындықтарға қарамастан, мақтан тұтарлық жұмыстар атқардық. Келіп жеткен жыл жаңа жетістіктерге жеткізетініне, жасампаз және жемісті жұмыс уақыты боларына сенімдіміз. 

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық, отбасылық бақыт, береке мен молшылық тілейміз. Барлық діттеген арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Жаңа шыңдар бағындырылсын, жаңа жарқын мүмкіндіктер ашылсын! Жаңа жылға жағымды көңіл күй тілейміз!

Осы Жаңа жыл қарсаңында Министрлік пен Департамент атынан қайырымдылық шара жүргізілді. Облыс бойынша 20-дай лейкоз диагнозымен мүгедек балаларға құттықтау қағазы және сыйлықтар табыс етілді.