Департаментте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Департаментте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің департаментінде Қазақстан халқы тілдері күніне және қазақтың ұлы ағартушысы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы, оның ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі атап өтілді. Сонымен қатар қазақ тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін дамытуға, оны зерттеуге және ағартушылық бағыттың қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы айтылды.

Шара қатысушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ана тілімізге деген құрметті қалыптастыру және Қазақстан халқының тілдік мәдениетін дамыту бағытында ой бөлісуге мүмкіндік берді. Тіл – халықтың рухани мұрасы мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі екені атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға тілдің қоғамды біріктірудегі маңызы туралы тағылымды ойлар айтылып, мемлекеттік тілге деген құрметті күнделікті өмірде нығайту қажеттігі атап көрсетілді.