Дағдарыс орталығының қызметіне профилактикалық бақылау: қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау

Дағдарыс орталығының қызметіне профилактикалық бақылау: қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау

Дағдарыс орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсету мақсатында құрылған. Орталық қызметінің негізгі мақсаты – қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ олардың құқықтарын қалпына келтіруге және әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу.

Дағдарыс орталығы әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және консультациялық қызметтер көрсетеді. Қажет болған жағдайда уақытша тұру мүмкіндігі ұсынылады, сондай-ақ қауіпсіздік, құжаттарды рәсімдеу, жұмысқа орналасу, медициналық және өзге де қолдау мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі.

Дағдарыс орталығының қызметтері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға, оның ішінде тұрмыстық немесе өзге де зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге, ерлерге және балаларға, сондай-ақ қорғау мен қолдауды қажет ететін азаматтардың басқа да санаттарына көрсетіледі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменттің Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2026 жылдың 2 жартыжылдығында профилактикалық бақылау жүргізді. Профилактикалық бақылау барысында әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Бақылау нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тиісті нұсқама беріліп, оның орындалуы бақылауға алынды.

Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау.

Қызмет алушының құқықтары бұзылған, қызметтер тиісінше көрсетілмеген немесе көзделген қызметтерді көрсетуден бас тартылған жағдайда, қызмет алушы тиісті Департаментке шағыммен жүгінуге құқылы. Өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.